Автор: user
Қазақ әйелі – нәзіктіктің, сұлулықтың, ұлылықтың символы. Сымбатты әрі күтімді болу – кез келген жаста жарасады. Жан мен тән сұлулығының үйлесімі әр әйелді айрықша етеді. Бүгін Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында сәйқой әжелердің қатысуымен фотокөрмесі өтті. Бұл шара –аға буын өкілдерінің бойындағы нұр мен шабыттың жарқын көрінісі болды. Фотокөрмеде Күлпаршын Тұрсынбайқызы, Күлсара Хасанова, […]
30 шілде күні Есіл ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Айкүне» қазақ гимнастикасы бойынша «Денсаулық — зор байлық» атты ашық сабақ өтті. Іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаттықтырушысы, айкүне әдісінің шебері Гүлнәр Шинасилова өткізді. Сабақ барысында нұсқаушы Гүлнәр Сыздыққызы айкүненің егде жастағы адамдар үшін қауіпсіз, әрі тиімді гимнастика екенін атап өтіп, қатысушыларды салауатты өмір салтына […]
29 шілде күні Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құқықтық түсіндіру жұмыстары аясында ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегіне жүгіну жолдарын түсіндіру және жиі туындайтын құқықтық жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағыт-бағдар беру. Шараға Астана қаласының құқық саласындағы мамандары қатысты. Олардың қатарында – Астана қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру […]
Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Қара сөздер – өмір мектебі» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысуға Абай шығармаларын зерделеп, оның мән-мағынасын терең түсініп оқыған аға буын өкілдері ниет білдірді. Астана қаласының әр ауданынан Абай мұрасын сүйіп оқитын жиырмаға жуық зейнеткерлер қатысты. Эссе байқауының мақсаты: Ұлы ақынның рухани мұрасын […]
Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында №3 қалалық емхананың дәрігерлерінің қатысуымен “Гепатиттің алдын алу және белсенді ұзақ өмір сүру” тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты — қызмет алушылардың жұқпалы аурулар, әсіресе вирус гепатитінің түрлері мен оның алдын алу жолдары туралы ақпараттануын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Дәріс барысында: • Гепатиттің түрлері (A, B, […]
Байқоңыр ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Айкүне» курсының кезекті тобы оқуды сәтті аяқтады. Үш айлық курсқа 32 қатысушы белсенді түрде қатысып, тыныс алу жаттығулары, буындарды икемдеу мен бұлшықетті нығайтуға бағытталған кешенді қозғалыс әдістерін меңгерді. Сабақтарды тәжірибелі нұсқаушы Искакова Азиза Саитқызы жүргізді. Жаттығулар қатысушылардың жалпы қимыл-қозғалысын жақсартып, сергектік пен тепе-теңдікті сақтауға оң ықпал етті. Қатысушылар […]
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жоспарланған мерекелік іс-шаралар аясында «Абайды оқимыз» атты әдеби эстафета ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шара Абай рухына тағзым ету, халықтың рухани мәдениетін дәріптеу және ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында өтті. Эстафета Абай ескерткішінің жанында ұйымдастырылып, рухани мазмұнға толы сәттерге куә болды. Қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып, қара сөздерінен […]
Нұр жол гүлзарында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы шығармашылық топтардың қатысуымен ерекше флешмоб өтті. Іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Флешмоб барысында Орталықтың өнерпаз зейнеткерлері ұлы композитордың жүрек тербер «Ата толғау» күйін орындап, қазақ өнерінің абызын ерекше ілтипатпен еске алды. Бұл шығарма — Нұрғисаның өз […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының (БҰӨСО) «Байқоңыр» ауданы бойынша ұйымдастырған «Еңбекке баулу терапиясы» үйірмелері Сарыарқа және Алматы аудандарының бөлімшелерімен бірлесіп, ерекше форматтағы этно-жәрмеңке өткізді. Бұл шара өмірлік тәжірибесі мол, қолөнерге бейімі бар аға буын өкілдерінің өнерін көпшілікке паш етуге бағытталды. Жәрмеңкеде әр ауданның қызмет алушылары өз қолымен жасаған бұйымдары мен салған суреттерін, түрлі кәдесыйлар мен […]
Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері елордалықтарға ерекше тарту жасады. «Ұлттың үні – домбыра, Елдің нұры – Астана!» және «Астана – арман қала» атты мерекелік бағдарламалар екі күн қатарынан Орталық алаңда және «Ailand» демалыс аймағында көрерменге ұсынылды. Мерекелік концертте зейнеткерлерден құралған «Әдемі дәуір», «Сарыарқа», «Жалын» би топтары, […]



