Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Әкімшілік корпус

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары 

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Есжан Әміров Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Әміров Есжан Сарманқұлұлы 1960 жылғы 1 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген.

1983 жылы Қызылорда педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1977 жылы ауылдық клуб меңгерушісі қызметінен бастаған. Педагогикалық институтты тәмамдағаннан кейін музыка пәнінің мұғалімі, кейін музыкалық мектеп директоры болып қызмет атқарған. Кейінгі жылдары білім беру, мәдениет, жастар саясаты және мемлекеттік басқару салаларында басшылық қызметтер атқарған.

2002–2024 жылдар аралығында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры қызметін атқарған. Білім беру саласындағы көп жылғы қызметі барысында кәсіптік және музыкалық білім беруді дамытуға, сондай-ақ жастармен мәдени-тәрбие жұмыстарына елеулі үлес қосқан.

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. 2021–2025 жылдары VII шақырылымдағы Қарағанды қаласы мәслихатының депутаты болған. 2006 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.

Білім, мәдениет және қоғамдық өмірді дамытуға қосқан үлесі мен көп жылғы еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы, медальдар және басқа да марапаттар бар.

2023 жылы «Жыл композиторы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ «Жаңа есімдер – 2023» байқауының «Шабыт» номинациясы бойынша жеңімпазы атанып, «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы» төсбелгісімен марапатталған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі

Бөлімінің міндеттері:

Қаржы саясатын әзірлеу. Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есебін дұрыс жүргізу.

Бухгалтерлік есеп бойынша:

— Ақша қаражаттарының түсімдері мен шығыстарын бақылау;

— Есептілікті жүргізу;

— Жабдықтаушылармен есеп айырысу;

— Еңбек ақы төлеуді белгіленген мерзімде есептеу және төлеу;

— Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы есептеу және аудару;

— Бастапқы есептілікті қалыптастыру, оның сақталуын ұйымдастыру және басқа да міндеттер;

— Дебиторлар мен кредиторлармен уақытылы есеп айырысуды қамтамасыз ету.

Бас бухгалтер — Садуакасова Жанар Мұратқанқызы

Есепшілер — Садвакасова Қарлыгаш Тоқайқызы және Жантурина Жанна Рамазанқызы

Шаруашылық меңгерушісі — Омарова Ария Мырзағазиқызы

Қаржылық жоспарлау және мониторинг бөлімі

Қаржылық жоспарлау және мониторинг бөлімі Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады, өз қызметін Орталықтың Жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі міндеттері Орталықта көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау, қаржылық жоспарлау, Орталықтың бөлінген бюджеттік қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалау болып табылады. Орталықтың қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, қызметкерлердің жұмысын үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау қаржылық жоспарлау және мониторинг бөліміне жүктеледі. Сондай-ақ, оның міндеттеріне нәтижелер мен қызмет тиімділігін талдау, Орталықтағы процестерді дамыту және жетілдіру стратегияларын әзірлеу кіреді. Бөлім Орталықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде және қызмет алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

Бөлім экономисі – Кулмурзинова Ғалия Амангелдіқызы

Бөлімнің мониторинг маманы — Саспанова Қарлығаш Зикенқызы

Референт-маман  – Бакеева Арай Құдайбергенқызы.

 

Әкімшілік-кадр бөлімі 

Орталықтың іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Кадрлық құжат айналымын қамтамасыз ету, кадрларды олардың іскерлік және кәсіби қасиеттеріне сәйкес тиімді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асыру. Бөлім қызметін жоспарлау, басқару функцияларын жүзеге асыру, тәртіптік, аттестациялық, сараптамалық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, қызметтік тергеулер жүргізу. Бұйрықтарды тіркеу, олардың тиісті ресімделуін қамтамасыз ету Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту. «Еңбек.кз» базасының жұмысы және мониторингі кадрларды сапалы іріктеу жеке істерді жүргізу және қызметкерлердің жеке деректерінің құпиялылығын сақтау. Жазалау және көтермелеу шаралары заңнамадағы өзгерістерге байланысты қызметкерлерді кәсіптік оқытуға жіберу еңбек шарттары, лауазымдық нұсқаулықтар, өтілді есептеу жөніндегі комиссияның жұмысы, жұмыс уақытын есепке алу табелі, шығыс, кіріс құжаттаманы тіркеу, мұрағаттау. Жұмысқа қабылдау кезінде бөлім қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізу.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы — Агибаева Әсемсұлу Өмірбекқызы

Бөлім маманы — Рүстем Нұргүл Ерзахқызы, Молдатаева Жанслу Жұмажанқызы

 

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ мемлекеттік сатып алу бөлімі өз қызметін орталықтың Жарғысына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің негізгі мақсаты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Орталықтың жоспарлау тиімділігін, үздіксіз қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау. Бөлімнің міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызмет алушылар үшін қызметтердің қалыпты жұмыс істеуі және көрсетілуі үшін Орталықтың барлық филиалдарын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлім басшысы — Ибрагимов Эльдар Байрам-Оглы

Бөлім маманы — Жакалин Жігер Күрішбекұлы

Заңгер — Азатаев Ерік Қасынбекұлы

  

 

Перспективалық даму және әлеуметтік жобалар бөлімі

Перспективалық даму және әлеуметтік жобалар бөлімі әлеуметтік жобаларды әзірлеумен, үйлестірумен және іске асырумен айналысады. Бөлім егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Орталықтың даму стратегиясын әзірлеуге, жаңа бастамаларды енгізуге және оларды ілгерілетуге жауапты. Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерімен тығыз өзара әрекеттесе отырып, бөлім іс-шаралардың орындалуын бақылайды, статистикалық есептерді жинақтайды. Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық жасап, бірлескен жобалар мен әлеуметтік бастамаларды ұйымдастырады.  Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бақылау жүргізіп, алынған нәтижелерге сәйкес стратегиялық ұсыныстарды енгізеді.

Бөлім басшысы — Қ.Қ. Тасымова

Бөлім мамандары – Р.Б. Удергенова және А.О. Уалиева.

 

Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімі

Бөлім 2024 жылғы 15 қаңтарда «Штаттық кесте мен штаттық құрылымды бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес құрылды. Бөлімде 3 қызметкер, бөлім басшысы мен 2 СММ-маман жұмыс істейді. Бөлім жұмысының негізгі бағыты – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметін ақпараттық сүйемелдеу. Бүгінде бөлім қызметкерлері Орталықтың жұмысы мен жетістіктері туралы материалдар дайындап, оны БАҚ пен әлеуметтік желіде белсенді жариялауда. Сонымен қатар, баспасөз мамандары фото/бейне мүмкіндіктерді пайдала отырып сапалы контент әзірлеуде және Орталық туралы позитивті имидж қалыптастыруда өз үлесін қосып келеді. Бөлім жұмысы ақпараттық-имидждік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Баспасөз мамандары Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ресми сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады. СММ-мамандардың көмегімен Орталықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшалары имидждік материалдармен толықтырылып, «Instagram», «Facebook» және «Tik-Tok» қосымшаларында жазылушылар саны мен қаралымдар артуда. Бөлімге баспасөз саласының білікті маманы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Меруерт Нұрғалиева жетекшілік етеді. Бүгінде Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімнің ұжымы жас мамандармен толықты, жас та болса істерінің білігірлері Зере Нұрлыбекқызы мен Малика Эльдаровна SMM-мамандары ретінде жұмысқа кірісті.

 

«Алматы» ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

Алматы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 2022 жылдан бастап 3886 зейнеткер тіркелген, ал 2025 жылдың басынан 191 адам тіркеуден өтті. Орталықта 14 қызмет түрі мен 9 клуб үйірмесі бар. Сонымен қатар, зейнеткерлердің қаладағы мәдени ошақтарға, театрлар мен концерттерге тегін бару мүмкіндігі бар.

Орталықта БҰӨСО ашылған бері жұмыс істеп келе жатқан білікті мамандар бар, олар: мәдени ұйымдастырушы Бақытжан Түсіпқызы, арт-терапия үйірмесінің жетекшісі Айгүл Еркінқызы.

Өз жұмысын жетік меңгерген мамандардың арқасында Орталық жұмысы дұрыс жолға қойылған, зейнеткерлердің әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-әуесқой бағытында дамуына барлық жағдай жасалған.

Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөліміне тәжірибелі психолог Нұргүл Талғатқызы басшылық етеді.

Бүгінде Алматы ауданының өнерлі ата-әжелері түрлі байқаулардың жеңімпазы атануда, әнші, биші ретінде замандастары арасында танымал. Сондай-ақ Орталықта ұлттық ойын түрлерінен жарыстар жиі ұйымдастырылады.

 

Байқоныр ауданы

Байқоныр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы өз жұмысын 2022 жылы бастады.

Қазіргі таңда Орталыққа  3173 қызмет алушы зейнеткер келеді. Орталықта зейнеткерлерге арналған 15-тен аса үйірмелер мен 20-ға жуық клубтар жұмыс істейді.

Апта сайын түрлі мерекелік іс-шаралармен қатар зейнеткерлерге әртүрлі мәдени орындарға, атап айтқанда театрларға, концерттерге тегін бара алады. Зейнеткерлер арасында Орталыққа келіп өз денсаулығын нығайтып қана қоймай, жағымды қарым-қатынас тапқан қызмет алушылар да аз емес.  «Өндіріс» тұрғын үй алабында тұратын зейнеткерлер үшін Орталық жанынан қосымша филиал ашылып, оларға түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі жасалды. «Өндіріс» денешынықтыру және сауықтыру кешенінде 10-ға жуық үйірмелер жұмыс жасайды.

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөліміне әлеуметтік саланың білікті маманы Роза Қарабекова басшылық етеді.

Орталық қызметкерлері «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында атқарылатын жұмыстарды басты назарда ұстайды. Мектептермен және балалар үйімен өзара байланыс бар.

Аға ұрпақ өкілдері ретінде зейнеткерлер өздерін дамытумен қатар түрлі спорттық, мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

 

ЕСІЛ АУДАНЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Есіл ауданы  бойынша БҰӨСО 2022 жылы құрылды. Қазіргі уақытта Орталықта 14 қызметкер жұмыс істейді. Орталыққа әлеуметтік саланың білікті маманы Жанар Есенаманова жетекшілік етеді.

Орталықтың басты мақсаты — тұрғылықты мекенжайы бойынша қала зейнеткерлерін әлеуметтендіру. Бүгінде Есіл ауданындағы Орталықта егде жастағы 5386 адам қызмет алады. Орталықта жалпы 15 клуб бар, олардың басым бөлігі шығармашылыққа бағытталған. Атап айтқанда, 7-уі шығармашылық ұжым,  1 домбыра ансамблі бар. Өнер ұжымдарының 4-уі халық ансамблі атағына ие болған.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған «Шырқа гитара» клубы, «Жаңа толқын» би тобы мен ұлттық киім үлгілерін ұсынатын өнер ұжымы бар.

Күн сайын зейнеткерлер оңалту гимнастикасына, «Айкүне» қазақ гимнастикасына, йогаға, скандинавиялық серуенге, тоғызқұмалақ пен шахмат үйірмелеріне, компьютерлік курстар мен үстел теннисіне белсене қатысады.

Егде жастағы адамдарға медициналық және психологиялық қызметтер көрсетіледі.

Есіл ауданының өнерпаз зейнеткерлері қалалық мәдени іс-шараларға жиі қатысып, өз өнерлерімен замандастарын таңқалдыруда.

 

Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

Сарайшық ауданының әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы өз жұмысын 2025 жылдың 1 сәуірінде бастады. Бұл заманауи, жайлы және достық кеңістік, онда аға буын өкілдері уақытты тиімді өткізе алады: даму, қарым-қатынас жасау, денсаулықты нығайту және оң энергиямен зарядтау.

Орталық не ұсынады?

Бүгінгі таңда орталықта 149 қызмет алушы тіркелген. Орталықта келесі бағыттар бойынша барлық қызметтер тегін өткізіледі:

  • Оңалту гимнастикасы (ЕДШ) – оңалту бойынша тәжірибелі маман жүргізеді, сабақтар қатысушылардың жасына және ерекшеліктеріне бейімделген.
  • Йога – қатысушыларға тыныс алу және релаксация тәжірибесін үйренуге, икемділік пен жалпы әл-ауқатты жақсартуға көмектесетін білікті нұсқаушының жетекшілігімен.
  • Жаттығу залы – фитнес нұсқаушысы жаттығуларды орындау техникасын мұқият қадағалайды және жүктемелерді жеке таңдайды.
  • Шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелері логикалық ойлау мен есте сақтауды дамытады.
  • Үстел теннисі клубы – физикалық белсенділікті ойын түрінде сақтауға көмектеседі.
  • Профилактикалық массаж аймағы қан айналымын жақсартады, шиеленісті жеңілдетеді және релаксацияға ықпал етеді.
  • Еңбек терапиясы клубтары: тоқу, бисермен өру ұсақ моториканы дамытуға және шығармашылықты жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік.

Басшылық және команда

Орталықты әлеуметтік салада көп жылдық жұмыс өтілі бар жоғары білікті маман Нұрланова Аксулу Шайдоллақызы басқарады. Ол белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алғашқы күндерінен бастап жұмыс істейді және  оның бағыттары мен жайлылық атмосферасын белсенді дамытуға ат салысуда.

Орталықтың мамандары мен нұсқаушылары – қызметалушыларға қамқорлық жасап, белсенді өмір салтын ұстанғысы келетіндердің барлығына көмектесуге, шабыттандыруға және қолдауға дайын бастамашыл және жанашыр қызметкерлер.

Жарқын, белсенді және жан-тәнімен өмір сүргісі келетін әрбір зейнет жастағы барлық жандарға арналған. Бұл Орталықта әркім өзіне ұнайтын іс-әрекетті, жаңа достарды және қажеттілік сезімін таба алады.

 

Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы

 Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын қолдау және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында қызмет етеді.

Сарыарқа ауданы бойынша БҰӨСО 2022 жылы құрылды. 2022-2025 жылдар аралығында 2692 қызмет алушы тіркелген. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күні бүгінге дейін 188 жаңа қызмет алушы қосылды.

Орталықта 15 түрлі қызмет көрсетіледі, сондай-ақ, дене шынықтыру-оңалту орталығы (ФОК) және еріктілер жүргізетін 14 клуб жұмыс істейді. Зейнеткерлерге арналған тегін үйірмелер мен секциялар бар.

Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығын Кенжеболат Бапишев басқарады. Кенжеболат Сапарұлы – көп жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті маман, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР «Әлеуметтік саланың үздігі».

Зейнеткерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық көмектер көрсетіледі.

Мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, зейнеткерлер әр түрлі іс шараларға белсене қатысады. Атап айтқанда,  веложарыстарға, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ бойынша турнирлерге және т.б. шараларға тұрақты түрде қатысады.

Сонымен қатар, мұражайларға, театрларға, кинотеатрларға экскурсияларға шығады.

Орталық қызметкерлері Эльмира Жарылғапова мен Жібек Серікқызы жүргізетін үйірме сабақтары зейнеткерлер арасында сұранысқа ие, йога мен арт-терапияға қатысушылар бар ынтасымен қатысады.

Бүгінде қызмет алушы зейнеткерлер Орталық жұмысына ризашылықтарын білдіруде.

Олар мұнда тек денсаулықтарын нығайтып қана қоймай, жаңа достар тауып, қызықты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алды.

 

Нұра ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі

Нұра ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын 2024 жылдың 16 ақпанынан бастады. Қазіргі уақытта орталықта 15 маман қызмет атқарады. Ашылған күннен бері 1429 зейнеткер тіркеліп, орталықтың қызметтерін пайдаланып келеді. Орталық егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын ұстануына қолдау көрсету мақсатында әртүрлі сауықтыру және әлеуметтік бағыттағы үйірмелер мен клубтық бірлестіктерді ұсынады.

Сауықтыру және денсаулықты нығайту бағыттары:

  • Оңалту гимнастикасы
  • Айкуне гимнастикасы
  • Йога
  • Скандинавиялық серуендеу
  • Би
  • Физиологиялық релаксация кабинеті
  • Профилактикалық массаж

Зияткерлік және шығармашылық даму:

  • Тоғызқұмалақ
  • Арт-терапия
  • Құм терапиясы
  • Шахмат
  • Ағылшын тілі
  • Кино клуб
  • Караоке

Клубтар:

  • Салауатты өмір салты (СӨС)
  • Зияткерлік ойындар
  • «Ұлағат бірлестігі»
  • «Күміс еріктілер»
  • «Қайырымдылық жібі»
  • Хор ұжымдары: «Нұра әуендері» және «Армандастар»

Біздің мақсатымыз — Орталық егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын ұзартуға, бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуге бағытталған.

Біз әрбір зейнеткерге қолдау көрсетіп, жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесеміз!