Автор: user
Жақында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Әділет» партиясынан Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттың аға буын өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттары түсіндіріліп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және аға буын өкілдерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамаладин Ибрагимов қатысып, […]
Сарайшық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында скандинавиялық жүріс тобының ұйымдастыруымен «Берекелі күз – мерекелі жүз» атты шығармашылық кеш өтті. Қатысушылар күзгі табиғи материалдардан ерекше қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетті. Әрбір жұмыс өзіндік идеясымен және ұқыптылығымен ерекшеленді. 🍃 Іс-шара соңында үздік жұмыстар бірнеше номинация бойынша марапатталды: 🥇 «Үздік композиция» — «Еңбек […]
Қазан айының соңғы жексенбісінде елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл күн – халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың өмір сапасын арттыруға және оларға жан-жақты көмек көрсетуге үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін дәріптейтін ерекше күн. Кәсіби мереке қарсаңында елордадағы «Жанұя» орталығында салтанатты жиын ұйымдастырылып, әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет […]
Алматы, Есіл, Байқоңыр және Сарайшық аудандары бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қоғамдық бақылау мен қоғамдық сараптаманы дамыту» жобасы аясында фокус-топтық кездесулер өтті. Кездесулерге әртүрлі салада еңбек еткен, кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол, қоғамдық өмірге белсенді араласатын аға буын өкілдері қатысты. Қатысушылар әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, тұрғындардың әлеуметтік жобалар […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қызметкерлерге арналған Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған құқықтық сабақ өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға орталықтың 100-ге жуық қызметкері қатысты. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру және қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдылық қағидаттарын ұстанудың маңызын жеткізу. Жиын барысында кадр қызметінің […]
Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында алты ауданның қатысушылары арасында дойбыдан турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа 12 ойыншы қатысып, өздерінің шеберліктері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті. 🏆 Турнир қорытындысы бойынша: 🥇 І орын — Сарайшық ауданы 🥈 ІІ орын — Есіл ауданы 🥉 ІІІ орын — Нұра ауданы Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен кубоктар […]
Есіл ауданының БҰӨС орталығында Республика күніне орай «Қос алқа» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Отаным менің – Қазақстан» атты концерттік бағдарлама өтті. Концерт Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйімен ашылды. №77 Фариза Оңғарсынова атындағы мектептің жас домбырашылары (жетекшісі Сағила Райбекқызы) мен «Қос алқа» тобы (жетекшісі Райхан Асилова) мектеп оқушыларымен бірлесіп өнер көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеді. Бағдарламада туған жерге арналған […]
Астана қаласының Өндіріс кентінде Республика күніне орай елордалық зейнеткерлер арасында волейболдан мерекелік турнир ұйымдастырылды. Спорттық додаға Астана қаласының алты ауданынан келген командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты – аға буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты қолдау және ұлттық мерекенің маңызын дәріптеу. Сонымен қатар жарыс зейнеткерлердің өзара […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында орталыққа келушілерге құқықтық және медициналық көмек көрсету мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі сала мамандары қатысты: • жеке сот орындаушысы Гүлжан Байғұжиновна; заң кеңесшісі Рахимжан Гиззатович; нотариус Айнагүл Жәкина; адвокат Айнар Махметова; салауатты өмір салты бойынша дәрігер Евгений Гурский; орталықтың медициналық кеңесшісі Шағуал Сүлейменова. Іс-шара барысында […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Kerbez models» шығармашылық тобы халықаралық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, қатысушылардың таланты мен ұлттық мәдениеттің сұлулығын паш етті. Қытайда өткен халықаралық байқауда топ мүшелері алтын жүлдеге ие болды. Әрбір модель жеке марапатқа ие болып, өз өнерінің лайықты бағасын алды. Сонымен қатар, ұжым Мәскеу қаласында өткен «Этно-Эрато» ұлттық киімнің […]



