Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бүгін Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Аспан» спорт кешенінде зейнеткерлер үшін тегін спорт үйірмелері ашылды. Мәдени-сауықтыру іс-шарасына Пригородный ауылының тұрғындары мен спорт сүйер зейнеткерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері және №7 спорт-мектебінің басшылығы қатысты. Спорттық үйірме жұмыстарының ашылу салтанаты Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның көркем өнерпаздарының күй шашуымен басталды. Салтанатты іс-шарада Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Шарипа Устемирова […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорт күнін зейнеткерлерге арналған қызықты эстафеталармен атап өтті. Халықаралық спорт күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Жетісу» паркіне жиналып, «Көңілді старттар» спорттық шарасын өткізді. Аталған іс-шара зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайту және белсенді өмір салтын ұстану мақсатында өтті. Демалу паркіне жиналғандар қызықты эстафеталар мен түрлі дене шынықтыру жаттығуларын тамашалады. Жарыс […]

Толығырақ

Бүгін Сарыарқа ауданы бойынша БҰӨСО-да дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир өтті. Спорттық іс-шараға тек зейнеткерлер ғана емес, олардың немерелері де қатысты. Турнир ерекше жылы атмосферада өтіп, әрі отбасылық ойынға айналды. Қатысушылар нағыз бәсекелестік көрсетіп, ойынға деген қызығушылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Барлық қонақтар интеллектуалды ойындарды тамашалап, достық қарым-қатынастың куәсі болды. Турнир қорытындысы бойынша Мәнсүр Кундаков жеңімпаз атанды. […]

Толығырақ

Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы Ресейдің Омбы қаласында өткен этно-фестивальге қатысты. Мәдени шара Ұлтаралық және конфессияаралық «Творческая юрта» жобасының аясында Омбы қаласының 308-жылдығына орай ұйымдастырылды. Іргелес жатқан Омбы қаласына ансамбльдің көркемдік жетекшісі Кенжетай Жанұзакова  мен музыкалық жетекшісі Темреш Кереев бастаған 10 өнерпаз ата-әжелер барды. «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы ресейлік көрермендерді […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Сарыарқа ауданындағы филиалында фотосуретші Күләнда Тулебаеваның «Астананың құстары» атты көрмесі ұйымдастырылды. Көрме өзінің әралуандылығымен аудан тұрғындары мен қонақтарының назарын алды. Фотокөрме арқылы елордада мекендейтін құстар әлемімен танысуға мүмкіндік бар. Көрмеде құстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсететін фотосуреттер қойылды. Күләнда Сағымбайқызы – Сарыарқа ауданына қарасты Орталық филиалының қызмет алушысы. Автордың айтуы бойынша […]

Толығырақ

«Елорда ақпарат» ЖШС басшылығының ұйымдастыруымен апта сайын бейсенбі күні кешке журналистер волейбол ойнайды. Ойынның басты мақсаты — денсаулық кепілі спортпен айналысып, денені шынықтыру. Бұл ойындарға БАҚ өкілдері мен еңбек ұжымдары шақырылады. Осылайша, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылады. Бұл аптадағы волейбол ойынына біздің Орталықтың қызметкерлері мен бірнеше ұжымнан журналистер келіп қатысты. БҰӨСО-ның бөлім басшылары Эльдар Ибрагимов […]

Толығырақ

Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өткізді. Зейнеткер арасында Байқоңыр ауданында ұйымдастырған турнир қызықты өтті. Спорттық шараға бес ауданнан 43 зейнеткер қатысты. Турнир үш деңгейде өтті, олар бастауыш, орта және күштілер арасында жарысқа түсті. Әрбір деңгейдегі спортшылардың жетістіктері жеке бағаланды. Турнир өз шеберліктерін көрсетуге […]

Толығырақ

«Нұра» ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Қыздарай» хореографиялық ансамблі Қырғызстанда өткен Халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды. 24-28 шілде аралығында Ыстықкөлде өткен «Таланты SUMMER FEST KYRGYZSTAN» атты байқауда биші әжелеріміз халық биі мен классикалық билеу өнерінен сынға түсті. Қырықтан астам би ұжымдары қатысқан өнер додасында астаналық биші әжелер топ жарып алға шықты. Әр […]

Толығырақ

30 шілдеде Есіл ауданының зейнеткерлері «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты сирек кітаптар көрмесін тамашалады. Көрмені ҚР Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырды. Зейнеткерлер ұлттық орталықтың кітап көрмесінің тарихы, олардың құндылықтары және сақтау, қалпына келтіру жолдарымен танысты. Зейнеткерлерді қызықтырған сұрақтарға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бөлім басшысы […]

Толығырақ