Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Қара сөздер – өмір мектебі» атты эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға қатысуға Абай шығармаларын зерделеп, оның мән-мағынасын терең түсініп оқыған аға буын өкілдері ниет білдірді. Астана қаласының әр ауданынан Абай мұрасын сүйіп оқитын жиырмаға жуық зейнеткерлер қатысты.

Эссе байқауының мақсаты:
Ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау, «Қара сөздер» арқылы өмірлік құндылықтарды дәріптеу, аға буынның шығармашылық әлеуетін дамыту және еркін ойлау мәдениетін қолдау еді.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әлеуметтік қызметтерді ілгерілету бөлімінің басшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Меруерт Нұрғалиева, Алматы ауданы бойынша «Ұрпаққа аманат» тобының жетекшісі Тұрдыкул Сүлейменова және Алматы ауданы бойынша жетекші маман Гулнар Шарапиденова қазылық етті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылдың 6 тамызына жоспарланған.