Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – ел тұтастығының кепілі» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шараның шымылдығы «Қазақ тілі» үйірмесінің қызмет алушылары дайындаған «Достық жыры» атты көркем композициямен ашылды. Бұл көріністе әр ұлттың өкілдері өз ана тілдерінде қазақ халқына алғыс айтып, бейбіт өмір мен татулық үшін […]

Толығырақ

Алматы ауданының БҰӨС орталығында «Березка» ансамблінің Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге арналған мерекелік концерті өтті. Концерт барысында көрермендер соғыс жылдарының ауыр сәттері мен ерлікке толы күндерін еске алды. Шарада «Катюша», «Көк тудың желбірегені», «Ана» және басқа да патриоттық рухтағы әндер шырқалып, тыңдармандардың жүрегіне жол тартты. Ардагерлер мен жиналған көрермендер өнерпаздардың шынайы ықыласпен орындаған туындыларын […]

Толығырақ

Елордада Гедеон Рихтер ұйымдастырған денсаулық марафонына Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы 16 зейнеткері қатысты. Астанадағы Ботаникалық бақта егде жастағы азаматтарға арналған «Денсаулық жолы: жүрек пен ми саулығы» атты скандинавиялық жүріс марафоны Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен өтті. Марафонның басты мақсаты — жүрек-қан тамырлары ауруларының, неврологиялық аурулар мен когнитивтік бұзылулардың алдын алуға және оларды ерте […]

Толығырақ

Дүниежүзілік би күніне орай тұңғыш рет Астана қаласында зейнеткерлер арасында «Көктем тамшылары» атты би конкурсы өтті. Өнер байқауына 61-75 жас аралығындағы  әуесқой биші ата-әжелер қатысты. Би конкурсының мақсаты — егде жастағы адамдар арасында би өнерін насихаттау, дене және рухани мәдениеттің үйлесімін көрсету, ұлттық би мәдениетін дәріптеу және би арқылы зейнеткерлердің өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беру […]

Толығырақ

26 сәуірде сағат 10:00-ден бастап елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экоакциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған біздің Орталықтың 100-ден аса қызметкері қатысты.               Сенбілік барысында қызметкерлер ағаштар мен бұталар отырғызып, осылайша қаланы көркейтуге үлес қосты. Сенбіліктің мақсаты – елордада тазалық пен тәртіпті сақтау […]

Толығырақ

Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «БАҚ-пен тиімді байланыс жасау және сапалы контент даярлау» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Медиа шарада білікті мамандар қоғаммен байланыс жасаудың тиімді жолдарын көрсетіп, сапалы фото/бейне түсірілім жасауды көрсетті. Атап айтқанда, ҚР-ның Құрметті журналисі, әрі Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жаттықтырушысы Мадина Балгашукова, ҚР Көлік […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Ағаш отырғызу – сауапты іс” атты сенбілік іс-шара өткізді.Іс-шара барысында қызметкерлер “Ырыскелді қажы” мешіті аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, оларды суарып, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.Бұл игі бастама табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.         […]

Толығырақ

Сенбілік барысында Нұра ауданы БҰӨС орталығының “Күміс жас” жобасы және “Күміс еріктілер” клубының мүшелері АMANAT партиясы мен Нұра ауданы ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Астанамызды көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды. Аталған шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатқа жанашырлық таныту және аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын насихаттау. Еріктілер өздерінің еңбектері арқылы қоғам мен жастарға үлгі […]

Толығырақ

2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Барлық жетістіктердің бастауы – еңбек» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен интернационал отбасылар қатысты.Аталған іс-шараның мақсаты еңбек адамдарының […]

Толығырақ

18 сәуірде Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының көркем өнерпаздары елордамыздан 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан Ақкөл қаласына өнер сапарымен барды. Ақмола облысына қа¬расты Ақкөл қаласы – алғашқы ақылды қалалардың бірі болып саналады, қаланың инфрақұрылымы түгелдей цифрлан¬дырылған. Он бес мыңнан асатын тұрғыны бар, инфрақұрылымы түгел қалыптасқаны – қаланың басты артықшылығы болып саналады. Астана қаласының өнерпаз […]

Толығырақ