Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Байқоңыр ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Айкүне» курсының кезекті тобы оқуды сәтті аяқтады.

Үш айлық курсқа 32 қатысушы белсенді түрде қатысып, тыныс алу жаттығулары, буындарды икемдеу мен бұлшықетті нығайтуға бағытталған кешенді қозғалыс әдістерін меңгерді. Сабақтарды тәжірибелі нұсқаушы Искакова Азиза Саитқызы жүргізді.

Жаттығулар қатысушылардың жалпы қимыл-қозғалысын жақсартып, сергектік пен тепе-теңдікті сақтауға оң ықпал етті. Қатысушылар өз денсаулықтарындағы оң өзгерістерді атап өтіп, күнделікті өмір сапасының артқанына ерекше тоқталды.

«Айкүне» — егде жастағы азаматтардың физикалық және психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға арналған табиғи әрі қауіпсіз жаттығу әдісі. Бұл бағыт салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді құрал ретінде кеңінен қолданылады.

Орталық алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысын жалғастыра береді.