Қазақ әйелі – нәзіктіктің, сұлулықтың, ұлылықтың символы. Сымбатты әрі күтімді болу – кез келген жаста жарасады. Жан мен тән сұлулығының үйлесімі әр әйелді айрықша етеді.
Бүгін Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында сәйқой әжелердің қатысуымен фотокөрмесі өтті.


Бұл шара –аға буын өкілдерінің бойындағы нұр мен шабыттың жарқын көрінісі болды.
Фотокөрмеде Күлпаршын Тұрсынбайқызы, Күлсара Хасанова, Күмісжан Әсембекқызы, Зауреш Сарбазқызы және Майра Мұсахметқызы сынды әжелеріміз ішкі сұлулық пен сыртқы келбетті тамаша үйлестіре білді.





Олар үйлесімді киім үлгісімен, жайдарлы жүздерімен, шынайы болмысымен қазақ әйелінің көркем бейнесін көрсетті.



