Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Астана күніне орай Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында, Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігінің және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен аудандар арасындағы шахмат турнирі ұйымдастырылды. Шараға елордадағы барлық ауданнан келген «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының қатысушылары — жалпы саны 14 зейнеткер қатысты. Турнир зейнеткерлер арасында белсенді өмір салтын насихаттау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және […]

Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің Есіл аудандық зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамблі, музыкалық жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ж. Искендіров, ағымдағы жылдың 25–30 маусым күндері Грекия елінің Салоники қаласында өткен «GREECE GRAND FESTIVAL» халықаралық байқауына қатысты. Сахна төрінде қазақтың халық әні «Әттең, тонның келтесі-ай» әнін нақышына келтіре орындаған өнерлі […]

Толығырақ

Астана қаласының Әкімдігіне қаарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев ел дамуына өз үлесін қосқан көрнекті тұлға. Еңбек пен қоғамдық өмірдің әр кезеңінен ар-намыспен өтіп, қажырлы жол жүріп өткен азамат. Отан алдындағы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол «Құрмет» ордені, «Құрмет белгісі» ордені, мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мұхтар Дүйсенұлы Еркетаев […]

Толығырақ

Астанада зейнеткерлер арасында ерекше форматтағы экологиялық веложарыс ұйымдастырылды. «Жасыл жол – Ұрпаққа аманат!» атауымен өткен бұл шараға 60-тан астам зейнеткер қатысты. Веложарыс салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, аға буын өкілдерінің қоғамдық белсенділігін арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. Шараға 61 бен 84 жас аралығындағы велоспорт әуесқойлары қатысты. Ең жасы үлкен қатысушылар – 84 жастағы Қайыпқали Смағұлов […]

Толығырақ

Астананың Ботаникалық саябағында бүгін ерекше серуен өтті. «Әдемі қартаямыз!» деген ұранмен өткен скандинавиялық серуенге 100-ден астам зейнеткер қатысып, белсенді өмір салтының үлгісін көрсетті. Қатысушылар деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлініп, саябақ ішіндегі белгіленген қашықтықты жүріп өтті. Алғашқы екі топ 3400 метрді, келесі топ 3000 метрді, ал бастаушылар 1800 метрді жүріп өтті. Барлығы скандинавиялық жүріс техникасын қолданды. […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сұру орталығының ұжымы «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахытжан Тәжібаймен кездесті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында Бахытжан Арынұлы еңбек даулары, еңбек демалысы кезінде сауықттыру, материалдық көмек және т.б. көкейкесті әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Бахытжан Тәжібай кәсіподақтың құрылымына, мүшелік кәсіподақ […]

Толығырақ

Ботаникалық бақта Йоганың халықаралық күні аталып өтті!Сарайшык ауданының қызмет алушылары жаттықтырушы Қонарбаева Карлыгаш Өмірзаққызының жетекшілігімен таза ауада йогамен айналысып, сергектік пен шабыт алды.Табиғат аясындағы таңғы йога қатысушыларға сергектік, жақсы көңіл-күй және шабыт сыйлады.Йоганың халықаралық күні — өзін-өзі тануға, денсаулықты нығайтуға және белсенді өмір салтын қолдауға мүмкіндік берген маңызды күн болды.

Толығырақ

 Есіл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Еңбекті бағала – Тазалықты сақта!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – тазалық қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу және қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті насихаттау.  Нұржол гүлзары бойында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін аудандық мәдениет орталығының «Бәйтерек» ансамблі (жетекшісі Ш. Шайменова) танымал әндерді орындады. Шараға келген тұрғындар әндерге […]

Толығырақ

Астана қаласы Есіл ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Германиядағы Кеңес Әскері тобының құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ҚР Қарулы Күштерінің әскери ардагерлері мен «Есіл» аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Мерекелік жиынды Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» шығармашылық ұжымдары өз өнерлерімен әрледі. Олар майдангерлерге құрмет […]

Толығырақ

 2025 жылғы 9–13 маусым аралығында Сарайшық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» «Шын жүректен – кітап сыйла!» атты жүрекке жылы, мазмұнды акция өтуде.  Шара аясында кез келген адам өзінің сүйікті немесе артық кітаптарын Орталықтың кітап бұрышына әкеліп, зейнеткерлермен және орталықтың қызмет алушыларымен бөлісе алады. Бұл бастама қарттардың бос уақытын мәнді өткізуге, әдебиет арқылы жаңа әсер […]

Толығырақ