Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында №3 қалалық емхананың дәрігерлерінің қатысуымен “Гепатиттің алдын алу және белсенді ұзақ өмір сүру” тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Дәрістің мақсаты — қызмет алушылардың жұқпалы аурулар, әсіресе вирус гепатитінің түрлері мен оның алдын алу жолдары туралы ақпараттануын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Дәріс барысында:
• Гепатиттің түрлері (A, B, C) және жұғу жолдары түсіндірілді;
• Вакцинация, жеке гигиена, дұрыс тамақтану туралы кеңестер берілді;
• Дәрілерді дұрыс қабылдау ережелері, ем кезінде дәрігердің кеңесінсіз дәрі қолданудың зияны туралы айтылды;
• Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден толыққанда жауаптар алды.



