Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

30 шілде күні Есіл ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Айкүне» қазақ гимнастикасы бойынша «Денсаулық — зор байлық» атты ашық сабақ өтті. Іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаттықтырушысы, айкүне әдісінің шебері Гүлнәр Шинасилова өткізді.

Сабақ барысында нұсқаушы Гүлнәр Сыздыққызы айкүненің егде жастағы адамдар үшін қауіпсіз, әрі тиімді гимнастика екенін атап өтіп, қатысушыларды салауатты өмір салтына ынталандырды. Әрбір қатысушының қозғалысы мұқият бақылауға алынып, жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударылды.

«Мен айкүнеге қатысқалы бұлшықеттер мен буындарымның  нығайғанын байқадым. Жаттығудың бұл түрі —  аяқтағы ауырсыну азайтады, қан айналымы жақсартады және  жүйке жүйесін тынышталады. Сондықтан егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы.  Тегін ұйымдастырылған курс үшін алғысым шексіз» — деп алғысын білдірді айкүне курсының белсенді қатысушысы, әрі 65 жастағы зейнеткер Нұрсұлу Байкина.

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 700-ден астам зейнеткер айкүне курсына тұрақты қатысуда. Олардың жасы 65 пен 80 жас аралығында.

Сабақ соңында Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жанар Есенаманова зейнеткерлердің белсенділігі мен ынтасын атап өтіп,  белсенді ата-әжелерге алғыс хаттарды табыстады.

Бұл күн — алты ай бойы үздіксіз жаттыққан 50 зейнеткер үшін білім мен табандылық, шыдам мен жігердің қорытындысы болды.