29 шілде күні Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құқықтық түсіндіру жұмыстары аясында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегіне жүгіну жолдарын түсіндіру және жиі туындайтын құқықтық жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағыт-бағдар беру.


Шараға Астана қаласының құқық саласындағы мамандары қатысты. Олардың қатарында – Астана қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заң көмегін көрсету бөлімінің бас маманы Бауыржан Смағұлов, жеке нотариус Жанна Тасболатова және жеке сот орындаушы Айнұр Сеитова болды.
Кездесу барысында қатысушылар құқықтық сипаттағы маңызды мәліметтерді біліп, өз сұрақтарына нақты, әрі түсінікті жауаптар алды.
Бұл шара азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталды.



