Жаңалықтар
Астана қ. Өндіріс елді мекенінде орналасқан Қ. Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Бақ берекем, құт мерекем – әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған мерекені «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері мектеп оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырды. Наурыз мерекесі мектеп фойесінде орналасқан қол өнер бұйымдарының көрмесінен басталды, сондай-ақ мектеп бөлмесінде қазақи дастархан жайылды. Оқушы қыздар Наурыз мейрамы […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлері қайырымдылық шарасына атсалысты Астана қаласындағы “Like Көмек” орталығына барып, ардагерлер қайырымдылық бұрышына өз үлестерін қосты. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлері алдын ала киім-кешек, сөмке және басқа да қажетті заттарды жинап, орталыққа тапсырды. “Like Көмек” орталығының басшылығы бұл игі іске алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Өз кезегінде орталық тоқыма киімдерді […]
Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжі және Бизнес пен білім менеджменті колледжімен бірлесіп, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында әсерлі әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Жас буын мен аға буын […]
Сарыарқа ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамының онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған ерекше іс-шара өтті. Бұл күні орталықтың қызмет алушылары ұлттық дәстүрді дәріптеп, мерекелік көңіл-күйде болды. Мерекелік концертті «Шұғыла» би тобының әсем хореографиялық композициясы ашып, көрермендерді Наурыз мейрамының думанды атмосферасына бөледі. Шара барысында ұлттық киімдердің маңыздылығы мен әсемдігі ерекше атап өтілді. Орталықтың […]
Елорданың әр ауданындағы БҰӨС орталықтарында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр кеңінен дәріптелді. Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында тұсау кесу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Хадия есімді бүлдіршіннің түсауы кесілді. Сәбидің әжесінің айтуынша, бұл рәсімді асыға күткен, өйткені жиынға құрметті қонақтар қатысқан. «Бұл біздің отбасымыз үшін өте қызықты күн болды. Немерем тұлға […]
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Байқоңыр ауданының БҰӨСО-ына қарасты «80+ Әжелер» клубының ісмер әжелері Ж. Жабаев атындағы №4 гимназия-мектебінің оқушы қыздарымен кездесу өткізді. Оқушылар мен әжелер арасында өткен шеберлік сабағында қыздар екі бағыт бойынша білім алды. Бірқатар оқушы қыздар «Өз қолымен жасалатын сыйлықтар» үйірмесінің жетекшісі Альфия Захарқызынан бисермен жұмыс істеу әдісін үйренсе, қалған […]
Қыстың соңғы күндері Алматы мен Нұра аудандарының зейнеткерлері «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық шарасы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді. Алматы ауданының зейнеткерлері Қошқарбаева көшесінің бойында қар күреп жүрген жұмысшыларға ыстық шәй мен бауырсақ таратса, ал Нұра ауданындағы скандинавиялық серуен үйірмесінің қызмет алушылары Ботаникалық саябақтағы жұмысшыларға дәмді тағамдарын тарту етті. Жалпы акцияға 100-ге […]
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызметалушылары арасында шахмат турнирі өтті. Екі күнге созылған жарыс ерлер және әйелдер командалары арасында өтті. Турнирдің бас төрешісі – Астана қаласы шахмат федерациясының аға жаттықтырушысы, халықаралық шебер Нүгуманов, ал хатшы қызметін зейнеткер М. Нурумов атқарды. Жеңімпаздар: […]
Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Шырқа гитара» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый¬лы¬ғының лауреаты, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» атты мәдени кеш өтті. Әдеби-музыкалық шара қазақ өнерінің қос алыбы – Тұманбай Молдағалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық байланысын ұлықтаудан басталды. Концерттік бағдарлама ақынның сөзіне жазылған […]
Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде «Тарих.Таным.Ізденіс!» тақырыбында қысқы зияткерлік ойындары өтті. Ойынға Астанадағы бес орталықта қызмет алушылардан құралған 7 команда қатысты. Әр команда құрамында 10 адам: 7-уі негізгі және 3-уі қосалқа мүше ретінде қатысты. Барлығы 70-тен аса адам ойын барысын бақылап отырды. Сонымен қатар көрермендер мен қонақтар ойын соңында ризашылық танытып, оң пікірлерін […]



