Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Елордамызда қысқы спорт маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара елорданың шаңғыроллер тас жолында ұйымдастырылып, шаңғы жарысымен басталды. Аталмыш іс-шараның ашылуына Астана қаласы Байқоңыр ауданының БҰӨСО-ның «Шаңғы» клубынан 6 адам қатысты. Керімбай Котырев 50+ жастағы қатысушылар арасында шаңғы жарысына қатысқаны үшін медальмен марапатталды. Ол Байқоңыр БҰӨС орталығының “Шаңғы” клубының еріктісі (волонтері). Біздің клуб белсенді өмір салтын […]

Толығырақ

Бүгін Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Жәрмеңке зейнет жасындағы азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыруды көздеді. Іс-шара барысында қатысушыларға түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды. Сондай-ақ, мамандар жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беріп, тәжірибелерімен бөлісті. […]

Толығырақ

Бүгін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Ата. Бала. Немере – Әже. Келін. Немере» атты отбасылық байқауға қатысты. Байқау қалалық Ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара отбасылық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Байқауға Алматы, Байқоңыр, Нұра, Есіл, Сарыарқа аудандарынан 5 отбасы жарысқа түсті. Байқауда өнерлі отбасылар «Таныстыру», «Бата […]

Толығырақ

“Нұра” ауданы БҰӨС орталығының кино-концерт залында “Ұлағат” әдеби-мәдени клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған “Жүрегімде желтоқсанның күркірі” атты тағылымды іс-шара өтті. Қатысушылар Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Кеште клуб мүшелері жыр-шумақтарын оқып, Желтоқсан оқиғасына арналған көркем шығармалар мен өлеңдерден үзінділерді орындады. Әдеби және музыкалық қойылымдар көрермендерге ерекше рухани […]

Толығырақ

Желтоқсан айының 10-11 күндері Есіл ауданы зейнеткерлері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шахмат турнирі өтті. Жалпы басшылықты Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы жүзеге асырды. Турнирге қатысушылар саны артты. Турнир қорытындысы: Ерлер арасында: І орын – Ш. Жакей, ІІ орын – С. Қуанышбай, ІІІ орын – Б. […]

Толығырақ

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту. Турнир салтанатты түрде ашылып, алғашқы сөз кезегі Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» директорының орынбасары М.Аубакировқа […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және 10 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы жарияланған күнге орай патриоттық мәдени шара өтті. Бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінің маңызын және жаңа астананың тарихи рөлін атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында елімізге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті оятатын патриоттық әндер орындалып, хореографиялық топтар би қойылымдарын ұсынды. […]

Толығырақ

6 желтоқсанда БҰӨСО-да кәсіподақ ұйымының ашық жиналысы өтті. Жиын барысында ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері мен кәсіподақ ұйымының жұмыс есебі талқыланып, ұйымның комитетіне қызметкерлерді сайлау жүргізілді. Әріптестер жиынында әлеуметтік саланың үздіктері марапатталды: — «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясында Мақпал Ақбасова; — «Әлеуметтік салада мамандығына адалдығы үшін» номинациясында Анар Байсарина; — «Жұмысқа деген инновациялық көзқарасы […]

Толығырақ

Дүниежүзілік волонтерлер күніне орай БҰӨСО ерікті зейнеткерлерді марапаттады. 30-ға жуық күміс ерікті сертификаттармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Күміс еріктілер» клубында 80-ге жуық зейнеткер бар. Олардың орта жас шамасы 61 -70 жас аралығында. Ерікті ата-әжелер Астана қаласында өтетін қайырымдылық акциялары мен экологиялық сенбіліктерге белсене атсалысады, тегін шеберлік […]

Толығырақ

Өнерлі ата-әжелерден құралған «Арқа әуендері» ардагерлер ансамблі замандастарына арнап есептік концертін қойды. Өнер ұжымы өз көрермендеріне халық әндері мен ретро әндерді орындап, ән мен күйден шашу шашты. Концертте шырқалған «Күн дидарлы Қазақстан», «Арыс жағасында», «Мұңайма», «Туған жер» әндері мен қырғыздың «Жаңбыр төкті» әні көрермен көңілін баурап алды. Сонымен қатар домбырашы әжелер орындауындағы Ә. Желдібаевтың «Ерке […]

Толығырақ