Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері колледж студенттерімен кездесті. Менеджмент, Бизнес және Білім беру колледжінің қабырғасында студент жастар мен зейнеткерлер арасында «Сенің мамандығың – сенің болашағың!» тақырыбында бірлескен іс-шара өтті. Жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылына» орайластырылды. Іс-шарада Сарыарқа ауданының ісмер әжелері өздерінің қолдан дайындаған бұйымдарын көрсетті. Еңбек терапиясы […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында «Күміс» волонтерлік бағыты бойынша дәрістер мен мастер-класстар өткізуді жалғастыруда. Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы күміс волонтерлік» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараға волонтерлер координаторы және ақпараттық желінің менеджері Айдана Мақышева, сондай-ақ жоба менеджері […]

Толығырақ

Есіл ауданының өнерлі зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамбліне 5 жыл толды. Ансамбль өз жұмысын 2019 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа ауданына қарасты қалалық ардагерлер ұжымында бастады. Өнер ұжымының репертуары алғаш құрылған кезде халық әндерін орындаудан басталған еді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүрген ансамбльдің репертуары бүгінде әр түрлі, ән қоржынында 80-ге жуық ән бар. Ансамбльдің негізін қалауға термеші, […]

Толығырақ

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қол өнер шеберлері «80+ Sheber Shop» әлеуметтік жобасы аясында шеберлік сағатын өткізді. Әлеуметтік жоба аясында Байқоңыр ауданындағы «80+ Әжелер» клубында әжелер мен оқушыларға арналған киім тігу үлгілері ұсынылды. Шеберлік сағатында ісмер Күләш Әбутәліпқызы оқушыларға заманауи қамзолды қарапайым тәсілмен пішудің жолдарын көрсетіп, іс жүзінде тігу әдістерімен бөлісті. Оқушылар […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ісмер әжелері «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы айында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Астана қаласындағы № 73 физика-техникалық мектептің 9 «Е» сынып оқушыларына шеберлік сабағын берді. Сабақ барысында әжелер тігіншілік өнердің қыр-сырына тоқталып, қыздарға өлшеп пішуді көрсетіп, белдемше тігуді үйретті. Сабақтың негізгі мақсаты соңғы кезде сұранысқа ие тігінші мамандығын насихаттап, қыздарды қол өнерге […]

Толығырақ

Астана қаласының Агротехникалық университетінің спорт залында Пенчак Силаттан Астана чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл додаға қала бойынша түрлі спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Чемпионаттың басты мақсаты – еліміздегі Пенчак Силат спортының дамуына үлес қосу және Қазақстан чемпионатына қатысуға үміткер спортшыларды анықтау болды. 🏆Жетістіктеріміз: 🔹Әйелдер 40-59 жас категориясы: 🥇Чащина Жанна – 1 орын, 🥈Адамова Гүлбаршин – […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” жаттығу залының қызмет алушыларына арналған ұлттық спорттық шара өтті. Іс-шараның басты тақырыбы – қазақтың дәстүрлі ойыны асық ату болды. Шара қыздыру жаттығулары мен флешмоб биімен басталып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Одан кейін асық ойынының шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілді. Ұйымдастырушылар асық ойынының ережелерін түсіндіріп, оны […]

Толығырақ

Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызмет алушылары «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы апталығын өткізді. Бұл акция «Жұмысшы жылы-2025» аясында ұйымдастырылып, қала көшелерін қоқыстан және қалың қардан тазалап жүрген жұмыскерлерге құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында орталықтың қызмет алушылары қала тазалығына жауапты жұмыскерлерге ыстық шәй, ұлттық бауырсақ, дәмді тоқаштар, сондай-ақ «Хассали» майлы ыстық нанымен […]

Толығырақ

Астана қаласы Сарыарқа ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» Астана қаласының коллекционерлері алғашқы жиынын өткізді. Іс-шараға 60-70-ке жуық коллекционер зейнеткер қатысты, олар өздерінің жеке жинақтарын таныстырып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Қатысушылардың жартысынан астамы – Астана қаласының зейнеткерлері және орталықтың тұрақты қызмет алушылары. Коллекционер зейнеткерлердің негізгі мақсаттары: Мәдени мұраны сақтау – Қазақстанның тарихи және мәдени құндылықтарын қамтитын […]

Толығырақ

 Денсаулық сағаты аясында зейнеткерлердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және белсенді ұзақ өмір сүруді насихаттау мақсатында «Шаңғы тебу – физикалық белсенділіктің қолжетімді түрі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Шаңғы тебуден Сарыарқа ауданының дене шынықтыру инструкторы Марат Сарсембаев сабақ жүргізді. Іс-шараға Сарыарқа ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» скандинавиялық серуендеу тобының мүшелері мен жаттығу залының қызмет алушылары қатысты. […]

Толығырақ