
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызметалушылары арасында шахмат турнирі өтті.
Екі күнге созылған жарыс ерлер және әйелдер командалары арасында өтті. Турнирдің бас төрешісі – Астана қаласы шахмат федерациясының аға жаттықтырушысы, халықаралық шебер Нүгуманов, ал хатшы қызметін зейнеткер М. Нурумов атқарды.
Жеңімпаздар:
Ерлер арасында:

— І орын – Совет Қалдыбаев
— ІІ орын – Сәрсенбай Тастанов
— ІІІ орын – Сегізбай Жахин
Әйелдер арасында:

— І орын – Гүлжан Көшкіншинова
— ІІ орын – Мира Әбенова
— ІІІ орын – Айсұлу Оразбай
Ерлер командасының нұсқаушысы – М. Нурумов, ал әйелдер командасының нұсқаушысы – ерікті зейнеткер К. Жанұзақова.
Жеңімпаздарға кубоктар, дипломдар және сыйлықтарды «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» нұсқаушысы Азамат Ермекұлы Байылов табыстады.



