Жаңалықтар
Астана қаласы әкімдігінің Байқоңыр ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің «Тіл шаңырағы» әдеби-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Талғам және Әуен» атты әдеби-танымдық шығармашылық кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты — ұлт өнерінің аңызға айналған тұлғаларының шығармашылығын насихаттау және жас ұрпаққа рухани мұра қалдыру. Шығармашылық кеш Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып, «Тіл шаңырағы» әдеби-танымдық […]
Сарайшық ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды 2025 жылғы 1 сәуірден бастап Астана қаласы әкімдігінің Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын бастады. Орталықта зейнеткерлерге арналған тегін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта келесі қызмет түрлері қолжетімді: оңалту гимнастикасы, тренажер залы, йога, скандинавиялық серуен, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, еңбек терапиясы, әлеуметтік желілерді пайдалану […]
Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткер әжелерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамблі Баку қаласында өткен «AZERBAIJAN GRAND FESTIVAL» ән байқауында жүлделі бірінші орынға ие болды. Фестиваль ұлтаралық қарым-қатынас пен музыкалық мәдениетті нығайтуға мақсатында наурыз айының соңғы күндері «Аstana Stars» халықаралық конкурстар комитетінің ұйымдастыруымен өткен болатын. Өнер жарысында әнші әжелерімізбен қатар Өзбекстаннан, Әзірбайжан т.б. […]
Наурыз – көктемнің жарқын мерекесі, жаңару мен бірліктің белгісі! Осы ерекше күні Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Астана Арена алдында қазақы дәстүрге сай киіз үй тігіп, ақ дастархан жайды. Ата-әжелеріміз әсем әндер шырқап, көрермендерге тамаша концерт ұсынды, бұл жастық жігер мен өмірге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болды. Мерекелік шарада біздің орталықтың “Армандастар” және […]
Есіл ауданында қаламгерлерді ұлықтау мақсатымен «Өмір кемесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге шығармашылықтан қол үзбеген орталықтың зейнеткер-жазушылары қатысқан болатын. Зейнетке шықса да, қаламды жанына серік етіп, көз майын тауысып үнемі ізденісте жүретін ардагерлер «Өмір кемесінде бірге жүзіп, бірге жүріп келе жатқан жан досым!», «Өмір — бұл желкенді қайық…», «Өмір кемесі — ерекше өмірбаян» мақалаларын жазып, көпшілікпен […]
БҰӨСО «Байқоңыр» ауданында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ұлттық мерекелік концерт ұйымдастырылды. Көктемнің шуақты мерекесіне орай өткен бұл шара қазақтың ұлттық ойындары мен өнерін насихаттауға арналды. Наурызнаманың 7-ші Ұлттық спорт мерекесі аясында: Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының скандинавиялық серуен қатысушылары жігерлі музыкамен өз өнерлерін көрсетті. Өндіріс елді мекеніндегі №49 мектеп-гимназиясының оқушылары мен орталықтың ата-әжелері «Асық ату» және […]
«Әдемі» ансамблі «Көрісу» күнін ұлықтады 14 наурыз – Амал мерекесі қарсаңында «Евразия» сауда үйінде ерекше шара өтті. Ұлттық киім киген «Әдемі» ансамблі сауда орталығының қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен мерекенің ажарын аша түсті. Сауда орталығына келген сатып алушылар мен сатушылар ансамбльдің өнерін тамашалап, қошеметтерін аямады. Көпшілік ұлттық дәстүрдің жаңғырып, жастарға насихатталып жатқанына ризашылықтарын білдірді. […]
Кемал Ататүрік атындағы саябақта Астана әкімдігінің «Байқоңыр» және «Сарыарқа» ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Мерекелік шара киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүрлеріміздің көрінісімен басталды. Қонақтарды ұлттық киімдегі ақсақалдар мен әжелер шашу шашып, ыстық ықыласпен қарсы алды. Ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, көпшілікке ізгі тілектерін […]
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ! Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Халықтың қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алған Наурыз мерекесі күні «Наурыз – жыл басы» атты мерекелік іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған көпшілік назарына Орталықтың өнер ұжымдары мен жекелей өнерпаз зейнеткерлер дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. […]
Ұлттық спорт күні аясында тоғызқұмалақ бойынша турнир өтті. Бұл зияткерлік додаға төрт ауданның командалары қатысып, шеберлік пен тапқырлықтарын сынады. Турнирге қатысқан аудандар: Байқоңыр ауданы Есіл ауданы Нұра ауданы Алматы ауданы Сарыарқа ауданы Нәтижелер: 1-орын: Байқоңыр ауданы 2-орын: Есіл ауданы 3-орын: Нұра ауданы Алматы және Сарыарқа аудандары турнирге белсенді қатысып, оларға алғыс хаттар […]



