Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қыстың соңғы күндері Алматы мен Нұра аудандарының зейнеткерлері «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық шарасы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді. Алматы ауданының зейнеткерлері Қошқарбаева көшесінің бойында қар күреп жүрген жұмысшыларға ыстық шәй мен бауырсақ таратса, ал Нұра ауданындағы скандинавиялық серуен үйірмесінің қызмет алушылары Ботаникалық саябақтағы жұмысшыларға дәмді тағамдарын тарту етті. Жалпы акцияға 100-ге жуық зейнеткер қатысты. Зейнеткерлер коммуналдық қызмет мамандарын Алғыс айту күнімен әрі көктемнің келуімен құттықтап, жадыраңқы көңіл-күй сыйлады. Бұл іс-шара адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, қоғамдастықты біріктіруге және жақсылық жасауға шақыруға бағытталды. Аталған шара адамдар арасындағы мейірімділік пен сыйластықты нығайтуға ерекше үлес қосты.