Жаңалықтар
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне түсіріп қана қоймай, «Қысқы қиял» атты арнайы көрме ұйымдастырды. Орталықтың Алматы ауданына қарасты филиалындағы арт-студияда дәріс алып жүрген 30 зейнеткер «Қыс келбеті» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды. Бүгінде зейнеткерлердің қолымен дайындалған сурет көрмесін Орталыққа келуші қызмет алушылар мен қала тұрғындары тамашалауда. Егде жастағы суретшілердің […]
Алматы ауданының ардагерлері ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Орталық қызметкерлері зейнеткерлер арасында ұлттық ойын түрлерін дәріптеу үшін ай сайын арнайы жаттықтырушылар шақырып, «Арқан тарту», «Асық ату», «Сақина салу» және «Білектесу» ойындарынан жарыстар өткізеді. Ұлттық ойынды насихаттаушы, әрі білікті жаттықтырушылар Балмира Бекбусынова мен Айбек Көшжанов зейнеткерлерге асық ату ойының қыр-сырын үйретіп қана қоймай, белсенді […]
15 қаңтарда Есіл ауданды бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде ардагер журналист, баспасөз саласының үздігі Қарлығаш Құспанның 80 жас мерейтойына арналған бенефис-концерті өтті. БҰӨСО-ның Есіл ауданына қарасты филиалының белді мүшесі Қарлығаш Бәкенқызы «Есіл толқындары» халықтың ардагерлер ансамблінің режиссері ретінде танымал, замандастары ортасында сый-құрметке ие. Телевизия саласының майталманы, ҚР Мәдениет және өнер саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының […]
Скандинавиялық серуен, бұл спорттың жаңа түрі. Оның ерекшелігі шаңғы таяқтары секілді таяқты пайдалана отырып жүру қажет, сол сәтте денедегі барлық бұлшық еттер қозғалысқа түседі. Спорттың бұл түрімен айналысу қай жаста болсын пайдалы. Есіл және Нұра аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері спорттың осы түрін таңдаған. Олар скандинавиялық серуенмен айналысу үшін күн сайын Ботаникалық […]
Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” зейнеткерлерге арналған жаңа жылдық концерт өтті. Шараның басында Астана қаласының “БҰӨС” орталығы директорының орынбасары Марат Әбдуәлиұлы және Сарыарқа ауданының БҰӨСО бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы құттықтау сөз сөйлеп, баршаны мерекемен шын жүректен құттықтады. Мерекелік кеш барысында зейнеткерлер өз өнерлерін ортаға салып, бағдарламаның басты кейіпкерлеріне айналды. Ән айтып, би билеп, […]
Есіл ауданында екі жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Алдымен, “Асыл мұра” домбыра оркестрі, “Шырқа гитара” клубы, “Бәйтерек” ансамблі және оңалту жаттығуларының 1-4 топтарына арналған мереке өтті. Іс-шараға 100 адам қатысып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Есіл ауданында тағы бір жаңа жылдық кеш өтті. Бұл шараға оңалту гимнастикасының 4-8 топтары, компьютерлік сауаттылық курсының 8 тобы, “Таным” […]
Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тәрбиенушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді. Өнерлі ата-әжелердің ұйымдастыруымен өткен «Жаңа жылға арналған ғажайыптар!» атты жаңа жыл мерекесіне 15 балаға қатысты. Шырша мерекесінде өнерпаз зейнеткерлер бүлдіршін балалармен бірге шыршаны айналып ән айтып, «Маша мен аю», «Карлсон» мультфильмдерінің кейіпкерлеріне айналып, жаңа жылдық […]
Нұра ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Өздігінен білім алу» тақырыбында мастер-класс өткізілді: «Хореографиядағы инновациялық бағыттар». «Би айналасында» деп аталатын мастер-классты жоғары санатты педагог-хореограф Ирина Смағұлова жүргізді. Іс-шараға шамамен 70 адам қатысты, олар хореографияның қазіргі заманғы тенденцияларымен танысып, мол шабыт алды. Мастер-класста қатысушылар қара жорға биі, әдемі вальс биі, қамажай биін билеп, би өнерінің әртүрлі […]
Алматы ауданы БҰӨСО-нда Жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Іс-шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеген “Аманат“ партиясы Астана қалалық филиалының атқарушысы, партия мүшесі Ақтайлақова Гүлмира Нұрланқызы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзіне сенім білдірген барлық адамдарға және ұйымдарға алғысын білдірді. Жаңа жыл қарсаңында, сондай-ақ, “Аманат” партиясы атынан бірқатар тұлғалар алғыс хатпен марапатталды. Олар: Сүлейменова Тұрдыкүл, Бекперова Бота, […]
Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” “Ақ бата” әжелер бірлестігі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясымен «Бата – ұлттық тәлім тәрбие бастауы» атты танымдық шара өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын іске асыру, егде жастағы адамдарға деген құрмет пен сыйластықты нығайту, сонымен қатар салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы […]



