
Елорданың әр ауданындағы БҰӨС орталықтарында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр кеңінен дәріптелді. Алматы ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында тұсау кесу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Хадия есімді бүлдіршіннің түсауы кесілді. Сәбидің әжесінің айтуынша, бұл рәсімді асыға күткен, өйткені жиынға құрметті қонақтар қатысқан. «Бұл біздің отбасымыз үшін өте қызықты күн болды. Немерем тұлға болып өскенін, бүгін бауын кескен адамның барлық жақсы қасиетін бойына сіңіреді деп үміттенемін», – дейді бүлдіршіннің әжесі Нұрбике Ысмағұлова. Жиналғандар қазақ халқының өзге де салт-дәстүрлерін көрді. Өнерлі әжелерден құралған «Әдемі» ансамблі ән шашуын арнады. Іс-шара барысында ісмер әжелер ұршық иіріп, кесте тікті. Салт-дәстүріміз елордадағы бес бірдей ұзақ өмір сүру орталығында дәріптелді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр – асыл мұра. Сондықтан ол еш ұмытылмас үшін әр отбасында насихатталуы тиіс. Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар легі күн сайын жалғасады. Мерекелік бағдарлама 22-наурызға дейін болады.



