Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Қазақстан халықаралық лингвистикалық колледжі және Бизнес пен білім менеджменті колледжімен бірлесіп, «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Концерт барысында әсерлі әндер шырқалып, әсем билер орындалды. Жас буын мен аға буын өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір қойылым көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленіп, шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын дәлелдеді.

Мерекелік кешке қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Кеш соңында ұйымдастырылған би кеші мерекенің сәнін келтіріп, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады. Көктемнің шуақты мерекелері шын мәнінде жүректен жүрекке жетті.