Жаңалықтар
Бүгін Сарыарқа ауданы бойынша БҰӨСО-да дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир өтті. Спорттық іс-шараға тек зейнеткерлер ғана емес, олардың немерелері де қатысты. Турнир ерекше жылы атмосферада өтіп, әрі отбасылық ойынға айналды. Қатысушылар нағыз бәсекелестік көрсетіп, ойынға деген қызығушылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Барлық қонақтар интеллектуалды ойындарды тамашалап, достық қарым-қатынастың куәсі болды. Турнир қорытындысы бойынша Мәнсүр Кундаков жеңімпаз атанды. […]
Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы Ресейдің Омбы қаласында өткен этно-фестивальге қатысты. Мәдени шара Ұлтаралық және конфессияаралық «Творческая юрта» жобасының аясында Омбы қаласының 308-жылдығына орай ұйымдастырылды. Іргелес жатқан Омбы қаласына ансамбльдің көркемдік жетекшісі Кенжетай Жанұзакова мен музыкалық жетекшісі Темреш Кереев бастаған 10 өнерпаз ата-әжелер барды. «Арқа әуендері» халықтық вокалдық тобы ресейлік көрермендерді […]
«Елорда ақпарат» ЖШС басшылығының ұйымдастыруымен апта сайын бейсенбі күні кешке журналистер волейбол ойнайды. Ойынның басты мақсаты — денсаулық кепілі спортпен айналысып, денені шынықтыру. Бұл ойындарға БАҚ өкілдері мен еңбек ұжымдары шақырылады. Осылайша, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылады. Бұл аптадағы волейбол ойынына біздің Орталықтың қызметкерлері мен бірнеше ұжымнан журналистер келіп қатысты. БҰӨСО-ның бөлім басшылары Эльдар Ибрагимов […]
Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өткізді. Зейнеткер арасында Байқоңыр ауданында ұйымдастырған турнир қызықты өтті. Спорттық шараға бес ауданнан 43 зейнеткер қатысты. Турнир үш деңгейде өтті, олар бастауыш, орта және күштілер арасында жарысқа түсті. Әрбір деңгейдегі спортшылардың жетістіктері жеке бағаланды. Турнир өз шеберліктерін көрсетуге […]
«Нұра» ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Қыздарай» хореографиялық ансамблі Қырғызстанда өткен Халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды. 24-28 шілде аралығында Ыстықкөлде өткен «Таланты SUMMER FEST KYRGYZSTAN» атты байқауда биші әжелеріміз халық биі мен классикалық билеу өнерінен сынға түсті. Қырықтан астам би ұжымдары қатысқан өнер додасында астаналық биші әжелер топ жарып алға шықты. Әр […]
30 шілдеде Есіл ауданының зейнеткерлері «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты сирек кітаптар көрмесін тамашалады. Көрмені ҚР Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырды. Зейнеткерлер ұлттық орталықтың кітап көрмесінің тарихы, олардың құндылықтары және сақтау, қалпына келтіру жолдарымен танысты. Зейнеткерлерді қызықтырған сұрақтарға Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бөлім басшысы […]



