Жаңалықтар
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше балаларға арналған «Балалар – әлемнің нұры» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш пен мейірім сыйлау, мерекелік көңіл күй тарту. Ұрпақтар сабақтастығы аясында Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Сервис және технология колледжінің өнерпаздары балаларға ән мен биден, күйден […]
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығына орай «Сол бір кеш» атты мәдени іс-шара өткізілді. Қазақ даласын күмбірлі күйімен тербеген дәулескер күйші, халық әндері мен күйлерін оркестрмен жаңғыртып, «Отырар сазы» фольклорлық оркестрінің негізін қалаған әйгілі, дара тұлға есімі тарихта мәңгі қалады. Концерт қатысушылары: «Бәйтерек» ансамблі. Жетекшісі — Т.Ерденова Концертмейстер — Ж.Калиев «Елорда» […]
Жақында Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ерекше мазмұндағы зияткерлік ойын өтті. Тақырып: Қазақ әйелінің тарихтағы, қоғамдағы және күнделікті өмірдегі рөлі Мақсат: Қазақ қызының даналығы мен парасатын, білімін ұрпаққа үлгі ету Сайыс шымылдығы қыз баланың бойжету жолын бейнелеген сахналық көрініспен ашылып, «Шұғыла» би тобының «Өмір» композициясымен жалғасты. Жылы атмосфера, достыққа негізделген бәсеке – бұл […]
21 мамырда Астана қаласының демалу орындары мен саябақтарында жазғы сауықтыру маусымы ашылды. Бүгін сағат: 9.00-11.00-ге дейінгі аралықта бір мезгілде «Жетісу», Президенттік, Ататүрік және Ботаникалық саябақтарда, Нұржол гүлзары мен Ұстаздар алаңында, Қаламгерлер аллеясында, «Жастар» сарайының жанында таңғы сауықтыру жаттығулары өтті. Жазғы маусымның ашылуына 530 қала зейнеткерлері қатысып, йога, оңалту гимнастикасы, айкүне, скандинавиялық серуен және «Цигун» тыныс […]
19 мамырда Е. Рахмадиев ат. Мемлекеттік академиялық филармонияда «Ардагерлер көктемі» атты шығармашылық ұжымдардың фестивалі өтті. Өнер байқауына 61-75 жас аралығындағы өнерпаз ата-әжелер қатысты. Атап айтқанда, «Есіл толқындары» халықтық ансамблі, «Березка» мен «Әдемі» вокалдық топтары, «Жалын», «Қыздарай» және «Магия вальса», «Аэлита» би топтары, «Дайдидай» өнер ұжымы мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Фестивальдің мақсаты – Астана қаласындағы […]
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ел ерлігін ұлықтаған тағзым шаралары Сарыарқа, Байқоңыр және Нұра аудандарында бір мезгілде өтті. Іс-шаралар барысында Кеңес Одағының Батырлары — Мәншүк Мәметова мен И.В. Панфиловтың рухына құрмет көрсетілді. Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен қаһарман қыз Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының […]
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Соғыста да ән шырқаған» атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан челлендж өтті. Аталған шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық әндерді насихаттау және тарихи тұлғаларымыздың ерлігі мен өнегесіне құрмет көрсету. Ән челленджіне қатысқан әр ауданның өнер ұжымдары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді. Челленджге қатысқан 150-ден […]
Нұра ауданының биші әжелерінен құралған «Қыздарай» ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық «SUMMER FEST TASHKENT» көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды. Аталған би байқауына Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден 20-дан астам би ұжымдары қатысты. «Қыздарай» ансамблі «SUMMER FEST TASHKENT» байқауында «Кең дала», «Экспрессия», «Әсемдік» билерін билеп, әр жанрда да қарсыластарынан озып шықты. «Қыздарай» ансамблі «Нұра» ауданы бойынша Белсенді ұзақ […]
Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – ел тұтастығының кепілі» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шараның шымылдығы «Қазақ тілі» үйірмесінің қызмет алушылары дайындаған «Достық жыры» атты көркем композициямен ашылды. Бұл көріністе әр ұлттың өкілдері өз ана тілдерінде қазақ халқына алғыс айтып, бейбіт өмір мен татулық үшін […]
Алматы ауданының БҰӨС орталығында «Березка» ансамблінің Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге арналған мерекелік концерті өтті. Концерт барысында көрермендер соғыс жылдарының ауыр сәттері мен ерлікке толы күндерін еске алды. Шарада «Катюша», «Көк тудың желбірегені», «Ана» және басқа да патриоттық рухтағы әндер шырқалып, тыңдармандардың жүрегіне жол тартты. Ардагерлер мен жиналған көрермендер өнерпаздардың шынайы ықыласпен орындаған туындыларын […]



