Жаңалықтар
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жанға жылу сыйлаған Жаңа жыл!» атты мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көрермендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, мерекелік атмосфераны сезінді. Мерекелік кеште ән өнерінің түрлі жанрлары орындалып, әсем билер, қызықты пародиялар мен күлкілі қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, орталықтың шығармашылық ұжымдары өз қолдарымен тіккен түрлі-түсті, ерекше […]
Бүгін Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Шырша мерекесіне жиналған қызмет алушыларға Скандинавиялық серуен тобы ұсынған екі би қойылымы ерекше көңіл-күй сыйлап, көрермендерді шаттыққа бөледі. Сондай-ақ, би үйірмесінің дайындаған әсерлі билері кештің көркін ашып, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Іс-шара барысында «Қаламгер» тобы жылқы жылына арналған шығармаларын […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше балаларға арналған мазмұнды әрі әсерлі іс-шара өтті. Еңбек терапиясы үйірмесінің қызмет алушылары жетекшісі Альфия Захаровна ұйымдастыруымен балаларға арналған көңілді театрландырылған қойылым ұсынды. Іс-шара барысында балалар ертегі әлеміне еніп, Аяз ата, Қарша қыз, Жалмауыз кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерімен жүздесті. Кейіпкерлердің қызықты […]
Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт» атты мерекелік іс-шара өтті. Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған кеш орталық қызмет алушыларына арналған мазмұнды концерттік бағдарламамен өтті. Шара барысында зейнеткерлерге ән мен биден, шығармашылық және спорттық қойылымдардан құралған түрлі нөмірлер ұсынылды. Мерекелік бағдарламаны арт-терапия үйірмесінің қатысушылары флешмобпен ашты. Одан […]
Жаңа жыл қарсаңында Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігінің қолдауымен қызмет алушыларға арналған «Жаңа жылдық от шашу» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мереке «Салтанат-Сарайы» ғимаратында өтіп, қонақтарды шынайы жаңа жылдық, жылы атмосферада біріктірді. Құттықтау сөзбен Нұра ауданы әкімінің орынбасары А. М. Абсеметова мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы А. К. Аипов сөз сөйлеп, баршаға […]
18 желтоқсан күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сарайшық аудандық бөлімшесінде жыл бойы қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі, еріктілік қозғалысын дамытудағы белсенділігі үшін 26 волонтер марапатталды. Марапатталғандар қатарында: І. «Ұрпақтар сабақтастығы: Білім және қолөнер» бағыты Білімді, ұлттық құндылықтар мен қолөнерді насихаттауға қосқан үлесі үшін: Жібек Теміртасқызы — «Сыр сандық» зияткерлік клубының […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Солтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің мүшелері арнайы сапармен келді. Қонақтар орталықтың қызметімен жан-жақты танысып, спорт, қолөнер, тіл үйрену, заманауи технологиялар, вокал, ұлттық аспаптар, би және өзге де шығармашылық бағыттар бойынша ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Елорда зейнеткерлерінің белсенділігі, шеберлігі мен өмірге деген құштарлығы қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Олар орталықты […]
Көкшетауда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында Республикалық спорт фестивалі өтті. 13-14 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында Республикалық спорт фестивалі өтті. Ауқымды шара еліміздің әр өңірінен келген қатысушыларды біріктіріп, аға буын өкілдері үшін спорттың, белсенді өмір салты мен бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Фестивальдің салтанатты ашылуында […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Достық сарайында «Астананың мәдени кеңістігіндегі мемлекеттік тілдің рөлі және мәдени іс-шаралардағы тіл саясаты» тақырыбында диалог өткізді. Іс-шараға Астана қаласының Бас сәулетшісі Аманжол Шаймерденұлы Чиканаев және орталықтың қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Маржан Бектұрсынқызы спикер ретінде қатысты. Спикерлер мемлекеттік тілдің қаланың рухани және мәдени өміріндегі маңызы туралы өз ойларын […]
Көктал тұрғындары үшін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанындағы заманауи Денешынықтыру- сауықтыру кешені жұмыс істейді — бұл жерде спорт баршаға қолжетімді. Мұнда жайлы жаттығуға барлық жағдай жасалған: кең тренажёр залдары, теннис, волейбол және футбол ойнауға арналған алаңдар бар. 2022 жылы ашылған волейбол секциясы бүгінде ерекше сұранысқа ие. Қазір онда 50-ден астам зейнеткер жаттығады. Келушілерге ыңғайлы […]



