Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жанға жылу сыйлаған Жаңа жыл!» атты мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көрермендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, мерекелік атмосфераны сезінді.

Мерекелік кеште ән өнерінің түрлі жанрлары орындалып, әсем билер, қызықты пародиялар мен күлкілі қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, орталықтың шығармашылық ұжымдары өз қолдарымен тіккен түрлі-түсті, ерекше маскарадтық костюмдермен сахна төріне шығып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жаңа жылдық бағдарлама қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлап, жанды жадыратқан әсерлі сәттерге толы болды. Шара соңында орталық ұжымы жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барша қатысушыларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, жаңа жылда мол қуаныш пен игі жаңалықтар тіледі. Алдағы жыл әр шаңыраққа береке, бірлік пен жарқын сәттер әкелсін деген ізгі ниеттерін білдірді.



