Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ерекше балаларға арналған мазмұнды әрі әсерлі іс-шара өтті. Еңбек терапиясы үйірмесінің қызмет алушылары жетекшісі Альфия Захаровна ұйымдастыруымен балаларға арналған көңілді театрландырылған қойылым ұсынды.

Іс-шара барысында балалар ертегі әлеміне еніп, Аяз ата, Қарша қыз, Жалмауыз кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерімен жүздесті. Кейіпкерлердің қызықты қойылымы, әсем безендірулер мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, түрлі ойындар мен тосынсыйлар мерекенің сәнін арттыра түсті.

Байқоңыр ауданы әкімдігі тарапынан балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, олардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш мерекенің шынайы көрінісіне айналды. Аталған іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, ерекше балаларға қолдау көрсетуге, мейірім мен қамқорлықтың маңызын арттыруға бағытталған. Мұндай игі бастамалар ата-аналар мен балаларға қуаныш пен сенім сыйлап, жүрекжарды алғыстарын білдіруге себеп болды.



