Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Көкшетауда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында Республикалық спорт фестивалі өтті.

13-14 желтоқсан аралығында Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында Республикалық спорт фестивалі өтті. Ауқымды шара еліміздің әр өңірінен келген қатысушыларды біріктіріп, аға буын өкілдері үшін спорттың, белсенді өмір салты мен бірліктің нағыз мерекесіне айналды.

Фестивальдің салтанатты ашылуында облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, белсенді ұзақ өмір сүруді дамыту, аға буынның қоғамдағы рөлін арттыру және бұқаралық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Фестиваль аясында мәдени бағдарламада қарастырылып, шараның жабылуы салтанатында арнайы қонақ ретінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсететін болады.

Республикалық деңгейдегі жарыста біздің орталықтың намысын 18 адамнан құралған команда қорғады. Турнир екі күнге созылып, бес спорт түрі бойынша өтті: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, асық ату, бес асық және спорттық билер.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің қатысушыларымыз келесі жүлделі орындарға ие болды:

Асық ату:
1 сақа — 4-орын: Жетіген Сәрсебаев
2 сақа — 1-орын: Серік Райымбаев
3 сақа — 2-орын: Ильяс
Әбілғазинов

Шахмат:
2-орын — Гүлжан Көшкіншінова

Тоғызқұмалақ:
3-орын — Гаухар Жанабаева

Үстел теннисі:
2-орын — Берік Тоқтамысов

Бес асық:
2-орын — Бақытгул Байымбетова

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді жарқын жеңістерімен және республикалық деңгейдегі табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Сондай-ақ демеушілеріміз — Sat NS компаниясына ерекше алғыс білдіреміз. Олардың қолдауының арқасында командамыздың Көкшетау қаласына барып, Республикалық спорт фестиваліне қатысуына мүмкіндік туды. Белсенді ұзақ өмір сүруді дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.