Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби челлендж өтіп жатыр. Іс-шара ақынның туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Әдеби челленджге Нұра ауданындағы «Ұлағат» әдеби бірлестігінің мүшелері зейнеткер Рауза Измурзинаның жетекшілігімен қатысуда. Өнерсүйер зейнеткерлер бас қосқан шарада зияткерлер клубының 14 мүшесі Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқыды. Іс-шара барысында […]

Толығырақ

Бүгін Сарайшық ауданында «Нұра әуендері» ансамблінің өнерпаздары замандастарына арналған әсерлі ән кешін өткізді. Өнер кешінде қазақ музыкасының алтын қорына енген Абайдың әндерімен қатар «16 қыз», «Мен туралы ойладың ба, бақтарда», «Сезім сыры», «Шежелерім» сынды жүрекке жақын ретро әндер орындалды. Кеш барысында ансамбль мүшелерінің орындаушылық шеберлігі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, ансамбль музыканты Жабай Қалиевтің музыкалық […]

Толығырақ

Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қысқы шабыт» атты арт-терапия үйірмесінің қысқы көрмесі ашылды. Экспозицияда үйірме қатысушыларының қыс мезгіліне арналған көркем және қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Онда қыстық табиғат көріністері, мерекелік атмосфера, жеке естеліктер мен осы кезеңге байланысты ішкі сезімдер көркем түрде бейнеленген. Көрмеге арт-терапиялық сабақтар барысында орындалған жұмыстар қойылып, изотерапия мен сәндік-қолданбалы […]

Толығырақ

Ресей ғылым және мәдениет орталығында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының халықтық «Ветеран» хорының жеке шығармашылық концерті өтті. Хор жетекшісі – Галина Ивановна. Концерт барысында ұжым орыс және қазақ халық әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір музыкалық шығарма көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, залда ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Өнерпаздардың орындау шеберлігі мен сахна мәдениеті көпшіліктің […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында зейнеткерлер мен оқушылар арасында шахматтан жолдастық турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушылары мен орталықтың белсенді зейнеткерлері қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, жас буын мен аға буын өкілдері арасында өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, салауатты […]

Толығырақ

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған «Ішкі тәртіп ережелері және 2026 жылға арналған жоспарды қарау» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында аудан басшысы Р.К. Байсалбаева орталықтың ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын, сауықтыру және шығармашылық үйірмелеріндегі сабақтарға қатысу тәртібін, сондай-ақ, олардың өткізілу ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар, бөлім басшысы және кеңесші-маман Мәжит Қарқабатов орталықтың […]

Толығырақ

15 қаңтарда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының спорт нұсқаушылары «Алматы» ауданының әкімдігімен бірлесіп, зейнеткерлер арасында қол күрестен жарыс өткізді. Білекпен күш сынасуға 20-ға жуық зейнеткер ниет білдірді. Зейнеткерлер арасында өткен жарысқа Астана қаласының әкімдігінің қалалық бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының нұсқаушысы Дәулет Хамзин мен Алматы ауданы әкімдігінің әлеуметтік бөлім менеджері Шалқар Қайыржан төрешілік етті. Әділ сайыста […]

Толығырақ

Елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері қыс мезгілінде де белсенді өмір салтын ұстанып, салауатты өмірді серік етуде. Қазіргі уақытта 40-қа жуық зейнеткер Орталық саябақта ұйымдастырылатын шаңғы тебу мен қысқы жүзу шараларына тұрақты түрде қатысып келеді. Спортшы зейнеткерлер арасында жасы 78-ге келген Тоқтамыс Абиев пен Тұрғанбек Ахметжанов сынды қариялар да бар. Олар спортты өмірінің ажырамас […]

Толығырақ

29 желтоқсан күні Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа жылдық іс-шара өтті. Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында орталық қатысушылары үшін ретро әндермен жаңа жылдық дискотека ұйымдастырылып, кинофильмдерден қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ, ойын-сауық бағдарламалары мен түрлі ойындар өткізілді. Мерекенің ерекше көркі зейнеткерлер дайындаған бағдарлама болды. Биыл олар белсенділік пен шығармашылық танытып, көрермендерді балалық шаққа қызықты […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Жақсылықпен кел, Жаңа жыл 2026» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында орталық бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы қонақтарды құттықтап, өткен жылдың қорытындысы сәтті болғанын атап өтті. Мерекелік бағдарлама ән мен биге, театрландырылған қойылымдар мен көңілді ойындарға толы болды. Сахнада «Замандастар» және «Ветеран» хорлары, «Әгугай» ансамблі өнер көрсетті. ❄️ […]

Толығырақ