Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Шырша мерекесіне жиналған қызмет алушыларға Скандинавиялық серуен тобы ұсынған екі би қойылымы ерекше көңіл-күй сыйлап, көрермендерді шаттыққа бөледі. Сондай-ақ, би үйірмесінің дайындаған әсерлі билері кештің көркін ашып, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.

Іс-шара барысында «Қаламгер» тобы жылқы жылына арналған шығармаларын оқыды және ақ тілектерін арнап, орталыққа арнайы шығарылған авторлық әндерін орындады. «Поэзия» клубының мүшелері жаңа жылға арналған жылы лебіздері мен өлең жолдарын ұсынып, мерекенің мазмұнын тереңдете түсті.

Мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне орталықтағы ән, би үйірмелері мен клуб мүшелері бірлесе атсалысты. Бағдарлама ән айту және би билеумен жалғасып, зейнеткерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуы шырша мерекесіне ерекше сән беріп, шабыт сыйлады.