Жаңа жыл қарсаңында Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігінің қолдауымен қызмет алушыларға арналған «Жаңа жылдық от шашу» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мереке «Салтанат-Сарайы» ғимаратында өтіп, қонақтарды шынайы жаңа жылдық, жылы атмосферада біріктірді. Құттықтау сөзбен Нұра ауданы әкімінің орынбасары А. М. Абсеметова мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы А. К. Аипов сөз сөйлеп, баршаға жаңа жылда мықты денсаулық, бақ-береке және қуанышты сәттер тіледі.
Іс-шара қонақтарға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл күй және жаңа жылдық ғажайыптың лебін сыйлады.



