Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

5 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметі мен дамуына арналған қоғамдық тыңдауы өтті. Тыңдаудың бастамасына қаладағы аға буын өкілдерінің Қоғамдық кеңестің Telegram-ботына @Qogamdyk_kenes_bot арқылы жолдаған өтінімі себеп болды. Аталған платформа елорда тұрғындарына өз ұсыныстарын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді, ал түскен өтініштер Кеңестің құзыреті шеңберінде қаралып, ашық талқылауға шығарылады. Өтініште Белсенді […]

Толығырақ

Дүниежүзілік волонтерлер күні қарсаңында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының еңбек терапиясы бағытындағы ерікті әжелері Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушыларына шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында әжелер қолөнер материалдарын пайдаланып, жаңа жылдық сәндік ойыншықтар жасауды үйретті. Сондай-ақ оқушыларға көркем еңбекке қажетті құралдарды дұрыс қолдану және жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірілді. Балалар […]

Толығырақ

Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Күміс еріктілер» клубында 100-ден аса зейнеткер бар, олардың орта жас шамасы 61-75 жас аралығында. Ерікті ата-әжелер Астана қаласында өтетін қайырымдылық акциялары мен экологиялық сенбіліктерге белсене атсалысады, тегін шеберлік сабақтарын өткізіп, ұрпақтар сабақтастығы аясында қала мектептерімен, студент жастармен бірлесіп жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Орталықтың күміс еріктілері «Ұлттық волонтерлік желі» […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Элегант дэнс» би ұжымы «Танцуй всей душой» атты хореографиялық өнердің халықаралық байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. «Элегант дэнс» — орталықта 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан би ұжымы. Ұжымның негізгі бағыты — вальс билері. Байқау үшін қойылған би нөмірін орталықтың хореографы Әлия Абылқасымова дайындады. Би […]

Толығырақ

Қараша айынан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңадан ашылған Сарайшық аудандық филиалында зейнеткерлерге арналған би үйірмесі өз жұмысын бастады. Бүгінде Орталықтың барлық 6 аудандық бөлімшесінде би үйірмелері жұмыс істейді. Бұл — зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру үйірмелерінің бір түрі. Қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткер би үйірмелеріне тұрақты қатысуда. Сонымен қатар, әр ауданның зейнеткерлері өз […]

Толығырақ

Бүгін Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Байқоңыр, Есіл және Нұра аудандары арасында ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жолдастық турнир өтті. Сайыс үш турдан тұрды, қатысушылар зейін, логика және табандылық танытты. Турнирдің ұйымдастырылуына Нұра ауданының волонтерлері қолдау көрсетті. Турнир нәтижелері: 🥇 1 орын — Нұра 🥈 2 орын — Есіл 🥉 3 орын — […]

Толығырақ

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зияткерлік клубының ұйымдастыруымен көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті. Зейнеткерлер ақынның өмір жолынан сыр шертетін қойылым көрсетіп, көрермендерді сол дәуірдің рухани әлеміне терең бойлатты. Жырлары мен естеліктері арқылы Нәжімеденовтің ұлтқа деген шексіз махаббаты мен шығармашылық мұрасы ерекше әсер қалдырды. Іс-шара Алишерқожа Балкожаевтың жетекшілігімен […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданында бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Айкүне» гимнастикасы бойынша курс аяқталды. Айкүне — тыныс алу мен созылу жаттығуларына негізделген заманауи қазақ гимнастикасы болып табылады. Ол буындардың қозғалғыштығын арттыруға, бұлшықеттерді нығайтуға, стрессті азайтуға көмектеседі. Егер жаттығумен тұрақты түрде айналысса,  тынысты қалыпқа келтіруге, дене бітімін түзетуге және жалпы денсаулықты жақсартуға әсері мол. Курсқа қатысқан зейнеткерлердің […]

Толығырақ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданындағы филиалы елордадағы Құрылыс-техникалық колледжінде қазақтың лирик ақыны Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған тағылымды әдеби-музыкалық кездесу кешін өткізді. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – ақын мұрасын жас ұрпақ санасына терең сіңіру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және екі буын арасындағы рухани сабақтастықты нығайту болды. Кеш барысында қатысушылар ақынның […]

Толығырақ

Қарттық – өмірдің алтын кезеңі. Бұл шақта денсаулықты сақтап, сергек болу үшін қозғалыс пен дене белсенділігі аса маңызды. Пилатес – егде жастағы адамдар үшін таптырмас таңдау. Бұл жаттығу жүйесі бұлшықетті нығайтып, буындардың қозғалысын жеңілдетіп, дененің икемділігін арттырады. Осы ретте Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ағымдағы жылы сауықтыру бағытындағы жаңа қызмет түрін қосып, пилатес үйірмесін ұйымдастыруды […]

Толығырақ