Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Өткен демалыс күндері Есіл ауданының зейнеткерлері «Времена года» тұрғын үй кешені тұрғындарымен бірлесіп шахмат турнирін өткізді. Мерекелік іс-шара аула клубтарын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын қолдауға арналған. Турнир ересектер мен жас тұрғындарды біріктіріп, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты. Ең кішкентай қатысушы 8 жастағы аула тұрғыны болды. Төреші Мерғалым Нурумов пен […]

Толығырақ

Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Алғыс жүректен шыққан сөз» мерекелік іс-шарасы өтті. Кеш концерт форматында ұйымдастырылып, орталық зейнеткерлері көктем мерекелері қарсаңында өз замандастарымен қауышып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алғыс айту күніне арналған концерттің басты мақсаты – Қазақстанды ортақ үйіміз ретінде құрметтеуге шақыру, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын, өзара сыйластығы мен бірлігін нығайту […]

Толығырақ

Елордалық зейнеткерлер көктемнің алғашқы мерекесіне орай екі буын өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырды. Ұрпақтар сабақтастығы аясында Жоғары көлік және коммуникация колледжі мен Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бірлесіп, 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған әсерлі кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты — екі буын арасындағы рухани, мәдени әрі шығармашылық байланысты сақтау және дамыту, […]

Толығырақ

Бүгін қалалық Ардагерлер кеңесінің кезекті 12-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Бес жылда бір рет ұйымдастырылатын бұл маңызды жиын кеңестің жаңа құрамын айқындауға арналды. Конференцияның негізгі мақсаты – атқарылған жұмыстарға есеп беру, кеңестің жаңа құрамын сайлау, төрағасын, алқа мүшелерін бекіту және республикалық съезге делегаттар ұсыну болды. Жиынды модератор ретінде кеңес төрағасы Сансызбай Есілов жүргізді. Алқалы басқосуға […]

Толығырақ

Бүгін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Маңызды жиында қызметкерлерге «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Дүйсебек жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әділхан Төлегенұлы жаңа Конституция жобасындағы негізгі қағидаттарға, преамбуладағы өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар баптардың мазмұнына кеңінен тоқталды. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің ел […]

Толығырақ

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды поэзиялық кеш өтті. Іс-шараға орталықтың зейнеткерлері мен Астана қаласындағы «Зерделі» халықаралық мектебінің оқушылары қатысып, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани байланыстың жарқын үлгісін көрсетті. Кеш соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Бағдарлама барысында ақынның жүрекке жетерлік өлеңдері […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданының спорт нұсқаушылары спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау еді. Іс-шара барысында споршы зейнеткерлер Олимпиада ойындарына қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады. Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды. Қатысушылар қар […]

Толығырақ

Қысқы маусым аясында Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарыарқа аудандары арасында «Алашорда үкіметі және Алаш қозғалысы қайраткерлері» тақырыбында зияткерлік турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық тарихты насихаттау, Алаш қайраткерлерінің мұрасын сақтау және дәріптеу, сондай-ақ аға буын өкілдерінің білім деңгейі мен танымдық белсенділігін арттыру. Турнир сұрақтары ХХ […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданында Нұра ауданынан келген «Нұра сазы» этно-фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасы өтті. Өнер ұжымы ұлттық музыка өнерінің інжу-маржандарын орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында қазақ музыкасының көрнекті өкілдері – Нұрғиса Тілендиевтің «Ататолғау» күйі, халық әні «Шіркінай», Әбдімомын Желдібаевтің «Еркесылқым» күйі, сондай-ақ Құрманғазы Сағырбайұлытің «Балбырауын» күйі және басқа да туындылар шеберлікпен орындалды. Әрбір шығарма ұлттық […]

Толығырақ

Нұра ауданының зейнеткері — скандинавиялық серуендеу үйірмесінің қатысушысы Татьяна Сүлейменова 14 ақпанда өткен BURABAY ICE 2026 республикалық жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды. Мұз үстінде өтетін спорт додасы Бурабай өңірінде ұйымдастырылып, 7 шақырым қашықтықты қамтыды. 18 жастан жоғары қатысушылар бақ сынаған жарыста 60 жас және одан жоғары санатта біздің зейнеткеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер […]

Толығырақ