Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Достық сарайында «Астананың мәдени кеңістігіндегі мемлекеттік тілдің рөлі және мәдени іс-шаралардағы тіл саясаты» тақырыбында диалог өткізді. Іс-шараға Астана қаласының Бас сәулетшісі Аманжол Шаймерденұлы Чиканаев және орталықтың қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Маржан Бектұрсынқызы спикер ретінде қатысты. Спикерлер мемлекеттік тілдің қаланың рухани және мәдени өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар да талқылауға белсене қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара барысында Астанада мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, түрлі рухани-мәдени жобаларда жүйелі түрде көрініс тауып келе жатқаны айтылды. Сондай-ақ, аға буынның өнегелі бастамаларының жастар тарапынан жалғасып отырғаны атап өтілді. Мұндай мазмұнды кездесулер өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, мәдени бастамалардың өріс алуына және жас буынға үлгі болуына ықпал етеді.



