Жаңалықтар
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық спорт күніне орай Нұра ауданының бастамасымен тоғызқұмалақтан турнир өтті. Зияткерлік жарыс №111 мектеп базасында ұйымдастырылды. Турнирге екі буын өкілдері — зейнеткерлер мен оқушылар қатысты. Аға буын өздерінің өмірлік тәжірибесі мен ойын шеберлігін көрсетсе, жас қатысушылар зеректігі мен тапқырлығын танытты. «Оқушылар мен аға буын өкілдері арасында өткен тоғызқұмалақ турнирі командалық […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ақ бата – асыл сөз» атты батагөйлер байқауы өтті. Іс-шара Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылып, қазақ халқының маңызды рухани-мәдени құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталды. Байқауға құрметті ақсақалдар Ерсалим Асылбеков, Қалыбай Идрисов және Бекболат Махметов қатысып, өздерінің даналығы мен сөз шеберлігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша […]
Бүгін Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Мәдениет ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Ұрпаққа аманат» клубының жетекшісі Тұрдыкүл Сүлейменованың жетекшілігімен қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлері жаңғыртылды. Іс-шара барысында «Қамшы ілу», «Шапан шегелеу», «Қынаменде» сынды көнеден келе жатқан салттар сахналық көрініс арқылы айшықталып, олардың мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Құдаласу» мен «Сырға салу» рәсімдері әсерлі […]
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурызнама аясында, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Ұрпаққа үлгі болған – өнегелі отбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Кездесу Нұра ауданы әкімдігі мен Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өнегелі отбасылар ретінде Нариман Дайыров пен жұбайы Ақмарал Нұрғалиева, Жасұлан Қамаров пен Күлянда Сүйрікбай, сондай-ақ, Исабай Хайрмұхамедов пен […]
Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының арт-терапия үйірмесінің қатысушылары Қайырымдылық күніне орай «Ерекше аналар» оңалту орталығына барып, қайырымдылық акциясын өткізді. Шара барысында қатысушылар орталықтағы балаларды құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Балаларға кеңсе тауарлары, жаңа киімдер, тәттілер мен жемістер апарылып, жылы лебіздер айтылды. Акцияға орталықтың басқа зейнеткерлері де қатысып, қайырымдылық бастамасын қолдап, өз үлестерін қосты. Осындай […]
Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының бастамасымен Наурызнама аясында 14 наурыз — Көрісу айт күні «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Жаннұр сауда үйінде ұйымдастырылды. Мерекенің басты мақсаты — Көрісу (Амал) дәстүрін насихаттау, үлкен буын өкілдеріне құрмет көрсету және қала тұрғындарын ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетпен таныстыру болды. Концерт басталмас бұрын қатысушылар […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Көктемнің әсем бояулары» тақырыбында арт-терапия үйірмесінің шығармашылық байқауы өтті. Іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды. Үйірме волонтер Алуа Байбулованың жетекшілігімен жұмыс істейді. Үйірмеге қатысушылар өз жұмыстарында көктем мен Наурыз тақырыптарын бейнеледі. Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, қазақ қыздарының бейнесін, сондай-ақ, ұлттық […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық ойын күніне арналған тоғызқұмалақ турнирі өтті. Ұлттық ойындарды насихаттау және зейнеткерлер арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру мақсатында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан турнир ұйымдастырылды. Турнир Ұлттық ойын күні аясында өткізілді. Жарысқа ауданның белсенді ардагерлері қатысып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар өзара шеберлік танытып, логикалық ойлау мен тактикалық […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Келін – қайын ененің топырағынан» атты тағылымды сайыс өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мерекелік шараға орталыққа келуші зейнеткерлер мен өнерүйер қатысты. Сайыс отбасындағы сыйластық пен татулықты насихаттауды мақсат етіп, келін мен ененің жарасымды қарым-қатынасын көпшілікке үлгі етті. Мерекелік кеш сайыс форматында ұйымдастырылып, сахна төрінде келіндер енелерімен […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел — өмір гүлі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара жүргізушілердің жылы лебіздері мен құттықтауларымен басталды. Мерекелік кеште Сарыарқа ауданы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Сапарұлы орталық қатысушысы Шайда Кабыкенқызын 80 жас мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Концерт барысында өнерпаздар […]



