Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық ойын күніне арналған тоғызқұмалақ турнирі өтті. Ұлттық ойындарды насихаттау және зейнеткерлер арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру мақсатында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан турнир ұйымдастырылды.

Турнир Ұлттық ойын күні аясында өткізілді. Жарысқа ауданның белсенді ардагерлері қатысып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар өзара шеберлік танытып, логикалық ойлау мен тактикалық қабілеттерін сынады.

Жарыс барысында қатысушылар достық атмосферада тартысты ойындар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық мұраны дәріптеу, аға буын арасында интеллектуалдық ойындарды дамыту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Жалғастырушы ойыншылардың арасында:
1 орын – Сәрсембай Қайыржанов
2 орын – Мұратбек Пішембаев
3 орын – Алма Нұрымова

Жаңадан келгендер арасында орындар былайша бөлінді:
1 орын – Сланбек Досыбаев
2 орын – Айша Күлжігітова
3 орын – Жұмагүл Баженова
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Осындай іс-шаралар ұлттық ойындарды жаңғыртып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосады.



