Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Наурызнама аясында, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Ұрпаққа үлгі болған – өнегелі отбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Кездесу Нұра ауданы әкімдігі мен Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өнегелі отбасылар ретінде Нариман Дайыров пен жұбайы Ақмарал Нұрғалиева, Жасұлан Қамаров пен Күлянда Сүйрікбай, сондай-ақ, Исабай Хайрмұхамедов пен Зибагүль Мұсаева таныстырылды. Олар отбасы бірлігінің сыры мен ұлттық тәрбиенің маңызы туралы әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті.

Мерекелік кештің көркін ән мен шығармашылық нөмірлер толықтырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мұндай кездесулер жас ұрпаққа үлгі болып, отбасы құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.