Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Көктемнің әсем бояулары» тақырыбында арт-терапия үйірмесінің шығармашылық байқауы өтті. Іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өнер арқылы көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталды. Үйірме волонтер Алуа Байбулованың жетекшілігімен жұмыс істейді.


Үйірмеге қатысушылар өз жұмыстарында көктем мен Наурыз тақырыптарын бейнеледі. Олар өз суреттерінде табиғаттың сұлулығын, қазақ қыздарының бейнесін, сондай-ақ, ұлттық нақыштарды көрсете білді. Әрбір жұмыс ерекше шығармашылық көзқарасымен және өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
I орын — Качковская Галина
II орын — Илючик Ирина
III орын — Мерзлякова Александра.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.