Жаңалықтар
20 мамырдан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қала зейнеткерлері үшін жазғы маусымның ашылуына орай Жетісу саябағында әр сәрсенбі сайын сағат 17:00–19:00 аралығында «Жадыраған жаз» атты би кештерін өткізеді. Зейнеткерлерге арналған ретро әндер кеші ардагерлерді әлеуметтендіру, сауықтыру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіледі. Бұл бастама екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. 2025 жылғы жаз […]
17 мамыр күні Астанада дәстүрлі 10-шы BI Marathon қайырымдылық марафоны өтті. Ауқымды іс-шараға Нұра, Сарайшық және Есіл аудандарының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушылары белсенді түрде атсалысты. Жалпы орталық атынан марафонға 128 адам қатысты. BI Marathon — мыңдаған адамды ортақ игі мақсатқа біріктіретін қайырымдылық шарасы. Биыл марафонға жалпы саны 4869 адам қатысып, оның ішінде 220 […]
2026 жылғы 16 мамырда елордада бес жылда бір рет өткізілетін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезекті XI съезі өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 120 делегат қатысты. Съезд басталар алдында қонақтар мен қатысушылар үшін сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Алматы, Сарайшық және Сарыарқа аудандары қатысты. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық үйірме жетекшілері Айгүл Еркінқызы, Жібек […]
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Алматы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Триатлон саябағында спорттық-сауықтыру іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты – зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, белсенділікке баулу және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды. Шара барысында орталықтағы скандинавиялық жүріс, егде жастағы адамдарға арналған фитнес, оңалту гимнастикасы және «Айкүне» үйірмелерінің қатысушылары өз шеберліктерін көрсетті. […]
Мәслихат депутаты Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы «Сарыарқа» ауданы бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің зейнеткерлерімен есептік кездесу өткізді. Тағылымды шара «Музыкалық жас көрермен театры» ғимаратында ұйымдастырылып, оған ардагерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – аға буын өкілдеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік және сауықтыру бағытындағы жұмыстарды таныстырып, атқарылған істерді саралау және алдағы жоспарлармен бөлісу болды. […]
13 мамырда Аналар күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында скандинавиялық жүрістен әуесқойлары арасында спорттық шара өтті. Жарысқа скандинавиялық жүріс үйірмесінің қатысушылары мен Нұра ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Спорттық шараға 67 мен 81 жас аралығындағы 110 зейнеткер белсенді атсалысты. Аналар мерекесіне арналған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді ұзақ өмір сүруді […]
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Жеңіс күні қарсаңында «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан турнир өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ, қатысушылар арасындағы достық пен бірлікті нығайту болды. Турнирге орталықтың бірнеше ауданынан командалар қатысып, тоғызқұмалақ ойынындағы жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін көрсетті. […]
6 мамыр күні Астана қаласында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Таусылмас тағзым» атты театрландырылған концерт өтті. Тағылымы мол мәдени іс-шараны Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырды. Мерекелік кештің басты ерекшелігі – «Соғыс көлеңкесі» атты театрландырылған композиция болды. Қойылымды орталықтың өнерпаз зейнеткерлері хореограф […]
Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара «Сарыарқа» ауданы әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен өткізіліп, оған орталықтың қызмет алушылары мен ардагерлер қоғамының мүшелері белсенді қатысты. Мерекелік кеш «Арбат» алаңында […]
Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 1 мамыр – татулық пен достықтың, бірлік пен келісімнің мерекесіне орай «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, кейін құрметті қонақтардың құттықтау сөздері мен марапаттау рәсіміне ұласты. Мерекелік бағдарлама барысында әр ұлттың өнері кеңінен насихатталып, еліміздегі бейбітшілік пен өзара келісімнің […]



