Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел — өмір гүлі» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шара жүргізушілердің жылы лебіздері мен құттықтауларымен басталды.
Мерекелік кеште Сарыарқа ауданы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Сапарұлы орталық қатысушысы Шайда Кабыкенқызын 80 жас мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Концерт барысында өнерпаздар «Әдемілік әлемі» атты поэзиялық композиция орындап, өлең жолдарын оқып, залда отырған әйелдер қауымына гүл шоқтарын табыстады.

Орталықтың шығармашылық ұжымдары ән мен би номерлерін ұсынды. Сахнада «Замандастар» вокалды ансамблі, «Сарыарқа» және «Әгугай» вокалды топтары, сондай-ақ, «Шабыт», «Гауһартас», «Әдемі дәуір» және «Элеганд-дэнс» би ұжымдары өнер көрсетті. Көрермендердің ерекше ықыласына «Королева красоты», «Венский вальс», «Жолаушы» билері, сондай-ақ, «Ана туралы жыр» және «Мама» әндері бөленді. Сонымен қатар, Мадина Ахметова «Алтынай» биін орындады.