Жаңалықтар
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулық – зор байлық» атты спорттық флешмоб өтті. Таңғы сауықтыру жаттығуларын өткізу үшін «Ғашықтар» аллеясына 200-ге жуық зейнеткер жиналды. Спорттық шараны Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы аудан әкімдігімен бірлесіп, салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және тұрғындарды тұрақты түрде спортпен […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Цигун тыныс алу гимнастикасы арқылы денсаулық сақтау» тақырыбында таза ауада шеберлік сабағы өткізілді. Тыныс алу гимнастикасының жаттығулары жүрек соғысын қалыпқа келтіруге, сондай-ақ, ішкі тепе-теңдік пен жан тыныштығын сақтауға ықпал етеді. Үйірме нұсқаушысы Жанат Әкімбекұлы. Цигун және тыныс алу гимнастикасы үйірмесіне 60–80 жас аралығындағы зейнеткерлер қатысады. Сабақ барысында […]
Бүгін Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөліміне Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Қанат Сағынбаевтың жетекшілігімен келген қырғыз делегациясы арнайы сапармен барды. Қонақтарды қарсы алу рәсімі Орталықтың жұмысымен таныстырудан басталды. Экскурсияны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Жолаушыұлы жүргізіп, мекеменің негізгі қызмет бағыттары мен жетістіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сапар барысында […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі Бішкек қаласында өткен аспаптық өнер бойынша VIII халықаралық шығармашылық байқауында бас жүлдені иеленді. Өнер ұжымы байқау сахнасында Құрманғазы Сағырбайұлынің «Адай» күйін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шабытпен орындалған шығарма ансамбльдің жоғары кәсіби деңгейін айқын көрсетті. Бүгінде «Асыл мұра» ансамблінің құрамында 30-дан астам өнерлі зейнеткер […]
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай Нұра ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен елордалық тұрғындар үшін мазмұнды әрі ұлттық нақышқа бай мерекелік іс-шара өтті. Мереке Астана қаласындағы «Астана Арена» алдындағы этноауылда ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр мен өнерді ұлықтаған ерекше думанға ұласты. Таңғы сағат 10:00-де басталған мерекеде қонақтар қазақтың салт-дәстүрімен етене танысып, этноауылдағы түрлі көріністерге […]
Сарыарқа ауданында зейнеткерлер арасында қазақтың ұлттық ойындарының бірі — арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Күш пен ұйымшылдықты талап ететін бұл сайыс Наурызнама аясында Ұлттық ойындар күні мен Наурыз мерекесіне орай өтті. Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 20-дан астам зейнеткер жиналып, белсенділік танытты. Қатысушылар үш командаға бөлінді. Әр топта алты адамнан — үш әйел […]
19 наурыз – Жаңару мерекесіне орай Сарыарқа ауданының зейнеткерлері «Наурыз — береке мен бірлік мерекесі» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Іс-шараға келген көрермендер өздерін нағыз қазақы тойдың ортасында отырғандай сезінді. Сахнада «Беташар», «Бесікке салу», «Ат қою» және «Қырқынан шығару» секілді ұлттық дәстүрлер көрініс тапты. Театрландырылған қойылым арқылы адамның өміріндегі маңызды кезеңдер — дүниеге келуден бастап, отбасын […]
Наурызнама онкүндігіне орай елордадағы Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері ұлттық киімдердің көрінісін өткізді. Орталықтың домбырашылар ансамблі қала тұрғындары үшін мерекелік концерт ұйымдастырды. Бүгін «Damu Mall» сауда орталығында сән мен ұлттық рух үйлесім тапқан жарқын іс-шара өтті. Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолөнер шеберлері қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырып, […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – асыл мұра» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға тігін үйірмесінің қатысушылары қатысып, жетекшілік еткен Батима Қалиоллақызы ұлттық киімдерді тігу ерекшеліктерін таныстырды. Шараны Ақнұрлан Белесарова жүргізді. Шеберлік сабағы барысында қатысушылар кимешек тігудің негізгі кезеңдерін меңгерді: өлшем алып, үлгі бойынша пішу, ою-өрнек түсіріп, […]
Бүгін Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Наурызнама –Ұлттық киім күні» аясында «Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың мәдени құндылығы» тақырыбында ұлттық киімдер шеруін өткізді. Іс-шараның мақсаты — ұлтымыздың дәстүрлі киімдерін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу еді. Мереке күні ұлттық киім киген Орталықтың зейнеткер ата-әжелері Қонаев көшесімен жүре өтіп, Бәйтерек монументіне аялдады. Ақ […]



