Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” “Ақ бата” әжелер бірлестігі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясымен «Бата – ұлттық тәлім тәрбие бастауы» атты танымдық шара өткізді. Шараның негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын іске асыру, егде жастағы адамдарға деген құрмет пен сыйластықты нығайту, сонымен қатар салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Шара орталығымыздың “Замандастар” ән тобының жетекшісі, ерікті Ракиля Садированың “Қазақы дастарқаным” атты әнін шырқаумен, әжелер бауырсақ ұсынып, шашу шашып, ақсақалдың ақ батасымен басталды.

Шара барысында Идрисов Қалыбай Есенғазинұлы ақсақал мен “Ақ бата” әжелер бірлестігінің мүшелері батаның терең мән-мағынасы мен маңызын түсіндірді. Олар бата берудің тәрбиелік ықпалы, оның жастардың болашағына бағыт-бағдар берудегі рөлі жайлы әңгімелеп, даналыққа толы ұлттық нақыштағы баталарды орындап берді.

Сондай-ақ, әжелер ұлттық киімдерден дефиле көрсетіп, ұлттық киімдердің маңызын түсіндірді.

Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып, батаның тәрбиелік мәніне терең бойлап, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Шара жас ұрпаққа рухани азық сыйлап, ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың үлгісін көрсетті.