Жаңалықтар
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімінде қазақтың ұлттық ойыны арқан тартудан жарыс өтті. Арқан тартысқа 9 команда қатысып, белсенді 36 зейнеткер атсалысты. Ойынның шарты бойынша тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету еді. Жарыстың мақсаты егде жастағы адамдардың күш-қуатын дамытып, ойын арқылы қимыл бірлігін қалыптастырып, әлеуметтік […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша филиалында үстел теннисінен зейнеткерлер арасында турнир өтті. Турнирдің негізгі мақсаты зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар мен достық қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ егде жастағы адамдардың физикалық белсенділігін арттыру, денсаулығын жақсарту болып табылады. Зейнеткерлер арасында өткен спорт додасында 15-ке жуық белсенді ата- әже қатысты. […]
15 қараша күні Алматы қаласында өткен «Көктем – Жүрек» ән-би байқауы – 2024 аясында «Өнерлі елдің өрісі биік» республикалық ата-апалар арасындағы өнер сайысында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Бас жүлдені «Асыл мұра» домбыра оркестрі жеңіп алды. Жеке орындауда вокал жанры бойынша «Гран-при» иегері Салтанат Шамина атанса, «Сағыныш сазы» ұлттық вокалдық аспаптар ансамблінің жетекшісі Ж. Искамбековтың жетекшілігімен […]
Есіл ауданындағы БҰӨСО-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ұлттық волонтерлік желі» ұйымы БҰӨСО қызмет алушылары үшін «Күміс волонтерлік: белсенді ұзақ өмір сүрудің жаңа көкжиектері» және «Волонтерлік негіздері» тақырыптарында лекция мен мастер-класс ұйымдастырды. Іс-шараға спикерлер ретінде волонтерлер координаторы Айдана Мақышева және белсенді волонтерлік қауымдастықтың координаторы Дарья Меренцова қатысты. Олар қатысушыларға волонтерлік қызметтің маңыздылығы […]
«Ұрпаққа аманат» жобасы аясында Астана қаласының №3 перинаталдық бөлімшесінде жылы шара өтті! Байқоңыр ауданы БҰӨСО-ның Еңбек терапия үйірмесінің қызмет алушылары жаңа туған нәрестелер үшін өз қолдарымен жүннен тоқылған бұйымдарын сыйлады. Перзентхана ұжымы мен жаңа туған нәрестелердің ата-аналары шын жүректен алғыс айтады!
1 қараша күні Нұра ауданы бойынша БҰӨСО-ның спорт инструкторлары «Жансая» әлеуметтік көрсету орталығында қызмет алатын аналарға «Айкүнеден» қайырымдылық сабағын өткізді. «Айкүне» гимнастикасы – қазақтың ұлттық мұрасы ретінде ғана емес, сонымен қатар денсаулықты нығайтуда да маңызды рөл атқарады. Негізгі пайдалы жақтары: — Буындардың икемділігін арттыру — Омыртқа жотасының денсаулығын сақтау — Бұлшық еттерді нығайту — Қан […]
29 қазан күні, дәстүрлі түрде, Астана қаласының әлеуметтік сала қызметкерлері Е. Рахмадиев атындағы филармонияға жиналды. Мерекелік концертке қаланың өнерпаздары мен филармония әншілері қатысып, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар мерекелік концертте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева өнер көрсетті. Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейрханов өз сөзінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғам үшін атқарып […]
Бүгін Алматы ауданында “Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы” тақырыбында маңызды дөңгелек үстел өтті. Бас қосудың басты мақсаты — азаматтық бастамалар мен ұйымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қосқан үлесін талқылау болды. Талқылаудың негізгі тақырыптары: Азаматтық қоғамның Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен келешегі; Үкімет пен азаматтық қоғам ұйымдарының өзара тиімді ынтымақтастығы; Азаматтық бастамалардың елдің әлеуметтік мәселелерін шешудегі рөлі; […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Өндіріс» кентіндегі филиалда «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Қайырымдылық шарасы қарттар айлығы аяғында ұйымдастырылып, аға буын өкілдерінің жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді және спортқа баулуды көздеді. Аталған шараға Байқоңыр ауданының әкімдік өкілдері, ардагерлер кеңесінің ақсақалдары, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты. «Өндіріс» кентінің зейнеткерлері мен спортшы […]
14 қазанда Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында кезекті «Ашық есік» күні өтті. Іс-шара аясында орталыққа келген азаматтар әр түрлі мемлекеттік және медициналық қызметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Ашық есік күніне арнайы мамандар шақырылды. Мамандар тарапынан зейнеткерлерге консультативтік кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Астана қаласының Жұмыспен қамту және […]



