Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы ауданы БҰӨСО-нда Жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Іс-шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйлеген “Аманат“ партиясы Астана қалалық филиалының атқарушысы, партия мүшесі Ақтайлақова Гүлмира Нұрланқызы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзіне сенім білдірген барлық адамдарға және ұйымдарға алғысын білдірді.

Жаңа жыл қарсаңында, сондай-ақ, “Аманат” партиясы атынан бірқатар тұлғалар алғыс хатпен марапатталды. Олар: Сүлейменова Тұрдыкүл, Бекперова Бота, Тосқарин Орманбек, Каскина Дариха және Дюскенова Разиха. Партияның атынан көрсеткен ерең еңбектері мен белсенді қатысулары үшін орталықтың еріктілері (волонтерлері) мен қызметшілері де марапатталды. Марапатталғандар: Талғат Нұргүл, Исмагулова Нұрбике, Сейтжанова Майра, Закир Динара және Шонсева Айман.

Іс-шара барысында әр түрлі қызықты ойындар ойнап, көңілді би билеп, ортада өнер көрсетіп Аяз ата мен Ақшақардан түрлі тәтті сыйлықтар алып қуанышқа бөленді. Жаңа жылдық бал-маскарадтың соңында барлық қатысушыларға ізгі тілек білдіріліп, мерекелік көңіл-күй орнатылды.