Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Бүгін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты қоғамнан ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға жан жылуын ғана сыйлап қоймай, мүмкіндігі шектеулі балалардың қажетіне бочча ойының құралдарын табыстау еді. Қайырымдылық акция барысында «Нұрлы жүрек» орталығының балалары жиналғандарға «Біз біргеміз» атты концерттік бағдарламасын […]

Толығырақ

2 қазанда Астана қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік сала қызметкерлері арасында Спартакиада өтті. Спорттық іс-шараға қаланың 11 мемлекеттік мекемесі қатысты. Әр мекемеден 30-35 қызметкер өзара бәсекеге түсіп, спорттың 6 түрі бойынша жарыстар өткізді. Ашылу салтанатына Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Скуб Илья Васильевич өзі қатысып, спортшыларға сәттілік […]

Толығырақ

2024 жылдың 26 қыркүйегінде Нұра ауданының қызмет алушылары мен Жансая әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері Халықаралық Қарттар күні қарсаңында мерекелік концертке жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, оларға жылы лебіз білдіру, сондай-ақ балалар мен қарттар арасындағы байланыс пен ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Балалар сахнада өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, өз қолдарымен жасаған […]

Толығырақ

Халықаралық қарттар күніне орай елордалық Байқоңыр ауданының БҰӨСО-да «Қарттарымыз қазынамыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада елордалық зейнеткерлер өздерінің өнерлерін ортаға салды. Халық музыкалық композицияларын орындады, гитара мен домбырада ойнады, сондай-ақ хореография шеберлігін көрсетті. Бүгінгі концертте екі топ ретро биін көрсетті. Мерекелік концерт егде жастағы адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар концерт қонақтарына зейнеткерлер жасаған […]

Толығырақ

Қарттар күніне орай Алматы ауданы бойынша БҰӨСО-да шахмат турнирі өтті. Турнирге Алматы ауданынан 20 зейнетке қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 73 жастағы зейнеткер Ғаният Насыров жеңімпаз атанды. Қалған 2,3 орындарды Пайзулла Тайжанов пен Монтай Қаңтарбаев өзара бөлісті. Жалпы БҰӨСО-ның 5 ауданында 180-нен астам зейнеткер шахмат үйірмесіне қатысады. Шахматтың егде жастағы адамдар үшін пайдасы өте зор. Шахмат […]

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Астана қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы келді. Ол зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады. О. Анафин Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы түрлі секциялар мен үйірмелердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Орталыққа келуші зейнеткерлердің ұсынысы мен пікірлерін тыңдады. Мереке күні біздің Орталыққа арнайы келген вице-министр зейнеткерлерге өзінің жүрекжарды лебізін […]

Толығырақ

Бүгін, 19 қыркүйек, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Сарыарқа ауданының бастамасымен “Отбасы дәстүрі және отбасы құндылықтары” атты іс — шара өтті. Әр ауданның үлгілі отбасылары келіп, өздерін таныстырып, өнерлерін халыққа паш етті. Іс шараға отбасылардың немерелері келіп, ата-әжелеріне қолдау білдірді. Іс-шара барысында отбасылар өзара тәжірибе алмасып, отбасы дәстүрлері мен құндылықтарының маңыздылығын талқылады. Әрбір отбасы өздерінің […]

Толығырақ

Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-да ұзақ жыл отасқан үлгілі отбасылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға шаңырақ көтергендеріне 40, 50, 55, 60, 65 жыл болған болған жарасымды жұптар шақырылды. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараға зейнеткер ата-әжелер мен студент жастар қатысты. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, кеш қонақтары жастармен өз ойларын бөлісті. Жарасымды жанұяларға алғыс хаттар мен бағалы […]

Толығырақ

Бүгін, 18 қыркүйек 2024 жылы, Ядролық физика институтының профессоры, ғылым докторы Айнагүл Хамитова АЭС (атом электр станциясы) құрылысы туралы маңызды дәріс өткізді. Іс-шарада профессор Хамитова Қазақстанда АЭС салудың артықшылықтары мен экологиялық, экономикалық тиімділіктерін жан-жақты талқылап, тыңдаушыларға нақты статистикалық мәліметтерді ұсынды. Айнагүл Хамитованың айтуынша, Қазақстан үшін АЭС салу энергия көздерін әртараптандырудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл […]

Толығырақ

11 қыркүйекте Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз ата-әжелері Этноауылда өткен көшпенділер ойындарында өнер көрсетті. Астаналық зейнеткерлер «Ұлы дала дүбірі» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру аясында концерттік бағдарлама ұсынды. Көшпенділер ойынының қонақтары мен көрермендеріне арналған концертте «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі, сәнқой әжелерден құралған «Kerbez_models» тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі мен «Кел, […]

Толығырақ