Жаңалықтар
Астана қаласы Әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шебер әжелері 7-13 қыркүйек аралығында этноауылда өтетін көрмеге өз қолдарымен жасаған қол өнер бұйымдарын қойды. Бүгінде Астана қаласының зейнеткерлері этноауылда өтіп жатқан Республикалық жәрмеңкеде әр өңірден келген шеберлермен бірге белсене атсалысуда. Байқоңыр ауданына қарасты «80+ Әжелер» клубы мен «Қолдан жасалған сыйлықтар» үйірмесінің қол өнерші әжелердің қолымен жасалған […]
Көшпенділер ойынына тартылған волонтерлер арасында Нұра ауданы бойынша БҰӨСО-ның 20-ға жуық ерікті ата-әжелер де бар. «Күміс еріктілер» клубының әжелері елімізде өтіп жатқан тарихи оқиғаға белсене атсалып, «Ұлы дала дүбірі» көшпенділер ойынының қонақтарын қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруда. Ерікті ата-әжелер таңғы сағат 10-нан бастап белгіленген нысандарда ішкі тәртіп жұмыстарын жүргізуде. Этноауылдағы көрермендер мен қала қонақтарына ойынның бағдарламасы […]
Сағат 10:00-11:00 аралығында 100-ге жуық зейнеткер тоғызқұмалақ ойнап, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл бастама қатарынан екінші жыл өткізіліп жатқан дүниежүзілік тоғызқұмалақ турнирінің бір бөлігі болып табылады. Зейнеткерлердің осы жарысқа белсенді қатысуына тоғызқұмалақшы, әрі волонтер Сәуле Қаржасқызы үлкен үлес қосуда. Ол тоғызқұмалақты дамыту мен насихаттауға барынша атсалысып келеді. Бұл іс-шара V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында және […]
5 қыркүйекте Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері, лингвист, аудармашы, ақын, ғалым, алғашқы әліпбидің авторы, реформатор Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған «Ұлт ұстазын ұлықтайық!» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті. Әдеби іс-шарада Алаш қайраткерінің азаматтық бейнесі ұлықталып, ұлт үшін жасаған жасампаздық қызметі айтылды. Тіл мерекесіне жиналғандар ақын өмірінің қасіретті кездерін өлеңмен […]
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Олимпиада чемпиондарын қолдау мақсатында флешмоб өтті
Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай және Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын, сондай-ақ 33-ші жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін қолдау мақсатында елордада ауқымды флешмоб өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырды. Флешмоб Есіл өзенінің жағалауында өтіп, 100-ден астам қатысушыны біріктірді. Олар […]
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Астана қаласы Әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары «Астана-Бәйтерек» монументі мен «Нұржол» гүлзарының жанындағы алаңға жиналып, «Егемендігім — елдігім!» атты республикалық челленджді өткізді. Орталық зейнеткерлері мәдени шараны Ата Заңымызды ұлықтау және оның мәртебесін асқақтату, еліміздегі тұрақтылық пен заңдылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырды. Челленджге Алматы, Байқоңыр, Нұра, […]
БҰӨСО-ның басшылығы аудандардағы филиалдарды аралап, ұжым қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Орталық директорының орынбасары Эльвира Шамшикенова Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа аудандары бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне Орталық жұмысын оңтайландыру, қағазбастылықтан арылу және цифрландыру мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, кездесуде Орталық мамандары БҰӨСО-на ақпараттық мәліметтер базасын енгізу туралы және оның артықшылықтарын атап өтіп, осы жүйенің […]
21 тамызда Астана әкімдігінің Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-ның зейнеткерлері V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны қарсаңында Шоқан Уәлиханов көшесі бойында жаяу саяхат жасау арқылы «Астана – таза қала» экоакциясын өткізді. Тазалық акциясын «Рухани-ізгілік жолы» жобасын жүзеге асыру үшін «Астана — таза қала» ұранымен көшеге шығып, қаланы қоқыстан тазартты. Егде жастағы адамдардың игі істері жастарға өнеге болары анық […]
Бүгін Пригородный тұрғын алабында орналасқан «Аспан» спорт кешенінде зейнеткерлер үшін тегін спорт үйірмелері ашылды. Мәдени-сауықтыру іс-шарасына Пригородный ауылының тұрғындары мен спорт сүйер зейнеткерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері және №7 спорт-мектебінің басшылығы қатысты. Спорттық үйірме жұмыстарының ашылу салтанаты Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның көркем өнерпаздарының күй шашуымен басталды. Салтанатты іс-шарада Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Шарипа Устемирова […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорт күнін зейнеткерлерге арналған қызықты эстафеталармен атап өтті. Халықаралық спорт күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Жетісу» паркіне жиналып, «Көңілді старттар» спорттық шарасын өткізді. Аталған іс-шара зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайту және белсенді өмір салтын ұстану мақсатында өтті. Демалу паркіне жиналғандар қызықты эстафеталар мен түрлі дене шынықтыру жаттығуларын тамашалады. Жарыс […]



