21 тамызда Астана әкімдігінің Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-ның зейнеткерлері V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны қарсаңында Шоқан Уәлиханов көшесі бойында жаяу саяхат жасау арқылы «Астана – таза қала» экоакциясын өткізді.
Тазалық акциясын «Рухани-ізгілік жолы» жобасын жүзеге асыру үшін «Астана — таза қала» ұранымен көшеге шығып, қаланы қоқыстан тазартты.
Егде жастағы адамдардың игі істері жастарға өнеге болары анық және де патриоттық сезімді ұялатты. Зейнеткерлер қала тұрғындарына үлгі бола білді.
Жоба асяныда Орталық қызметкерлері Астана қаласындағы Сәдуақас Ғылмани мешітінің мұражайына барды. Онда Сәдуақас қажы Ғылманидің өмір тарихымен танысып, рухани-ізігілік жолында атқарған қызметі туралы ақпарат алды.
Осындай ізгілікке толы жаңа жоба өзіңнің оң нәтижесін береді деп сенеміз.



