Сағат 10:00-11:00 аралығында 100-ге жуық зейнеткер тоғызқұмалақ ойнап, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл бастама қатарынан екінші жыл өткізіліп жатқан дүниежүзілік тоғызқұмалақ турнирінің бір бөлігі болып табылады.
Зейнеткерлердің осы жарысқа белсенді қатысуына тоғызқұмалақшы, әрі волонтер Сәуле Қаржасқызы үлкен үлес қосуда. Ол тоғызқұмалақты дамыту мен насихаттауға барынша атсалысып келеді.
Бұл іс-шара V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында және *9 қыркүйек* – «Тоғызқұмалақ күніне» орай Гиннес рекордын орнатуға талпыныс жасау үшін ұйымдастырылды. Ұлттық ойындарымызды дәріптеп, оның жас ұрпаққа да, аға буынға да пайдалы екенін көрсеткен шара еліміздің мәдени мұрасына үлкен үлес қосып отыр.
#Тоғызқұмалақ #Астана #ҰлттықМұра #Зейнеткерлер



