БҰӨСО-ның басшылығы аудандардағы филиалдарды аралап, ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Орталық директорының орынбасары Эльвира Шамшикенова Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа аудандары бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне Орталық жұмысын оңтайландыру, қағазбастылықтан арылу және цифрландыру мүмкіндіктері туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесуде Орталық мамандары БҰӨСО-на ақпараттық мәліметтер базасын енгізу туралы және оның артықшылықтарын атап өтіп, осы жүйенің жұмысына презентация жасады.
Бұл бастама Орталық ұсынатын қызметтерді жүйелендіруге, автоматтандыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, біздің зейнеткерлерге сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізеді.



