Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін, 19 қыркүйек, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Сарыарқа ауданының бастамасымен “Отбасы дәстүрі және отбасы құндылықтары” атты іс — шара өтті. Әр ауданның үлгілі отбасылары келіп, өздерін таныстырып, өнерлерін халыққа паш етті. Іс шараға отбасылардың немерелері келіп, ата-әжелеріне қолдау білдірді.

Іс-шара барысында отбасылар өзара тәжірибе алмасып, отбасы дәстүрлері мен құндылықтарының маңыздылығын талқылады. Әрбір отбасы өздерінің ерекше салт-дәстүрлерімен бөлісіп, оларды қалай ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратынын әңгімеледі. Немерелер ата-әжелерінің өнерлерін қолдап қана қоймай, өздерінің де музыкалық және шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар отбасылар арасындағы бірлікті нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен рухани байлықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, “Отбасы дәстүрі және отбасы құндылықтары” атты шара қоғамдағы отбасы институтының рөлін күшейтіп, жастардың үлкендерге деген құрметін арттыруға бағытталған.