Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 26 қыркүйегінде Нұра ауданының қызмет алушылары мен Жансая әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері Халықаралық Қарттар күні қарсаңында мерекелік концертке жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, оларға жылы лебіз білдіру, сондай-ақ балалар мен қарттар арасындағы байланыс пен ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.

Балалар сахнада өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, өз қолдарымен жасаған гүл шоқтарын қарияларға тарту етті. Ата-әжелер де құр қол келмей, балаларға тәттілер мен кішкентай сыйлықтар табыстап, оларды қуанышқа бөледі. Шара барысында балалар мен қарттар бір-біріне мейіріммен қарап, көңілді әрі жылы атмосфера қалыптасты. Бұл кездесу бәріне ұмытылмас әсер қалдырды.

Концерт соңында ата-әжелер балаларға алғыстарын білдіріп, осындай мейірімділік пен қамқорлық арқылы ұрпақтар арасындағы байланыстың күшейетініне сенім білдірді. Шараның негізгі мәні – қарттарды құрметтеу ғана емес, сонымен бірге жастардың бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды.